Shalito
?>

Нужно сочинение на казахском на тему "қыс".

Казахский язык

Ответы

videofanovitch

қыс желтоқсан жұлдызы. қар көптен жауып, нағыз қыс болды. күн әбден қысқарған. күннің көзі көрінсе де жылынбайды. өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. қалың қардан шөптің басы көрінбейді. қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. ң өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. сабаққа мезгілімен жүретін ң да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес. мақал: қыс қысыл, жаз жазыл.

anastasiavilina

Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық, малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -

Дейді де еңірейді, егіледі,

Қайғының күні-түні күйін тартып.

«Верныйдың» қадам баспай қаласына,

Кемпір, шал жылап жатыр баласына.

Ешбір ем табылмады іздесе де

Халықтың жүректегі жарасына.

Пристав келіп қалды бала сұрап,

Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.

«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,

Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.

Пристав ашуланды «аламыз» деп,

Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -

Егер де бұл түріңді өзгертпесең,

Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.

Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,

Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.

Сеңдей болып соғылып толқындады,

Бір сая бола ма деп шыбын жанға.

Жиылды бозбалалар бір кезеңге,

Қарғалы деген тасқын бір өзенге.

Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, -

Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!».

Бәрін де ол пристав жаттап алды,

Басшыларын қағазға хаттап алды.

Аттандырып бұл елге солдаттарын,

Басты-басты кісіні саптап алды.

Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,

Жанында қан, малында қалмаңыз.

Оразаның күні еді сол уақытта,

Бұл күнде оразаны не қыламыз!

Суында Қарғалының ауыз ашты,

Бір пәлекет халыққа душарласты.

Басшылары кеткен соң, тағат алмай,

Жиылған жұрт дағдарып, жанталасты.

Келді де, алып кетті жақсыны айдап,

Барады боздақтардың көзі жайнап.

Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,

Жөнелді абақтыға соры қайнап.

Жақсыдан жақсы қоймай, алды санап,

Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ.

Білмеді не болғанын сырттағы ел,

Қамалғандар тірідей тартты азап.

Шулайды абақтыға қамалған көп,

Сырттағы жұр: «Біз енді қайтеміз?» - деп,

Губернатор жандарал жауапқа алды:

«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп.

Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,

Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.

Бекболат бола қалса ту көтерген,

Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп.

Қалиқұлды бірге жазды дарасына,

Байбосын қоса кетті арасында.

Абақтыда қалғандар естен танды,

Көзінің қамшы тиіп қарасына.

Әкетті байғұстарды арбаға сап:

«Иманыңды айтатын молдаңды тап.

Үндеріңді шығарма, өңкей надан,

Мұнан былай сөйлеме, аузыңды жап!»

Самсыны* алған екен Ботпай** қамап,

Оларды жігітімен кетті сабап.

Тұтқындарды босатып ала алмады,

Бір пәлеге екінші пәле жамап.

Пристав та Самсыға барған екен,

Жәнібектің мешітін қамап алған екен.

Жәнібек қажы жанына ара тұрды,

Бір болыс ел жиналып барған екен.

Ала алмай күні бойы әлек болды,

Жәнібек приставқа себеп болды.

Ертеңінде құтылып, Ұзынағашқа

Паңдатып келе жатты қара жолды.

Бөлек-бөлек топтанып, шоқтай болып,

Бай көпесті өлтірді Ботпай болып.

Қолына онан басқа түк түспеді,

Кезсе де бұл маңайды әбден шолып.

Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,

Не боларын бұл істің біле алмастан,

Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,

Бозбаланы бітірді кек алмастан.

Шиенде* де әскерлермен ұрыс болды,

Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.

«Саттар өлді, ел қашты» деген хабар

Ел-елдерге жайылды оң мен солды.

Шұбырып тауға қарап ел жөнелді,

Не боларын соңының кім біледі?

Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,

Елдің бәрі жанынан түңілді енді.

Ертеңінде ел-елге әскер барды,

«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.

«Қашқандарды атады» дегеннен соң,

Таудағылар кірер жер таба алмады.

Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып

Көксеген азаттықтың соғысында.

* Самсы - жер аты.

* Ботбай - ру аты.

* Шиен - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының солтустігіндегі елді мекеннің аты.

Объяснение:

Espivak

Қ.И.Сәтбаев негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауға арнады. Ол 640 тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Қаныш Имантайұлы- рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы.Сәтбаев еңбектері ғылымдағы зор жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясы өз заманындағы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлы 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1943 жылы Қ.И. Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Нужно сочинение на казахском на тему "қыс".
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

dm1trviktor585
Varagyant
Naumenkova-Ivanov
mshelen732
Voronina747
Филипп1054
pashyanaram
punctvydachi
Maly01984489
Акимцева27
mistersoshnev354
nastikak8
titovass9
dilanarthur27
Исаченко Тераски1181