Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите мне правила- сөздердің тура және ауыспалы мағынасы
тура және ауыспалы сөздің мағыналарысөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. цирктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады, дегенде арыстан сөзі — жыртқыш, қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.ал «арыстан еді-ау исатай бұл пәнидің жүзіңде…» (м) дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш-жігердің, намыс пен ежеттіліктің батыр тұлгасы ұғымын береді. яғни тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді.завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны — заводты білдіреді. сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. ал бас сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: 1. басы; 2. таудың басы; 3. жұмыстың басы; 4. сөздің басы; 5. бұлақтың басы т. б.сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: қол — ң дене мүшесі. бұл — осы сөздің тура мағынасы.сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары. кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. мысалы: ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді