anton1969026203
?>

Ұлы отан соғысының батырлары. заранее огромное !

Казахский язык

Ответы

orgot9

біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. алайда, соғыстың халыққа қасірет, қайғы әкелетінін жақсы түсінеміз. соғыс ардагерлерімен болған кездесулерде қатты тебіренеміз, олардың ерлігіне бас иеміз.олар кімдер? олар да ет пен сүйектен жаралған қарапайым . олар алдарына үлкен мақсат қойып, бейбіт өмірді бастан кешті. жалындаған жастық кезеңін кенеттен от шарпыды. амалсыздан қолына суық қару алып, ел-жұртын фашизмнің қанды шеңгелінен қорғауға аттанды. соғыста теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, қанқұйлы жауды ойсырата жеңді. олардың әрқайсысы батыр деп аталуға лайықты.батыр дегеніміз - ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. қазақ халқы - ежелден батыр халық. бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршынынан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті. сол ерлікті ұмытуға бол ма? соғыс ардагері былай деп сыр шертеді: - вагон–вагонға тиеліп соғысқа аттандық. жол алыс. поезд жиі-жиі тоқтайды. бір жерге келгенде ұзақ тоқтадық. жігіттер ермек қылып, күзгі маяларды өртей бастады. кенет бір шөмеленің астынан быжынаған тышқандар тырым-тырағай қаша бастады. ішіміздегі еңгезердей жігіт бір тышқанды ұстап алып, бойы аласа, талдырмаш жігітті қуа жөнелді. анау ойбайлап қашады, бәріміз мәзбіз.сол жүргеннен жүріп отырып, бірден москва түбіндегі шайқасқа араласып кеттік. бір ұрыста жаудың анталаған танктерінің шабуылына тап болдық. әлгі енгезердей жігітіміз бірінші боп қаруын тастап, қаша жөнелді. ал бәріміз мазақ еткен әлжуаз досымыз сол ұрыста жаудың төрт танкісін жайратты. кейін батыр атағына ие болды. сірә, ерлік білекте емес, жүректе.иә, ерлік жасау үшін ел-жұртын жан-тәнімен сүйе білу керек. совет жауынгерлері өз отанын сүйді, елде қалған ағайын-туысын, ел-жұртын қорғады. жау кезеген қару оларға да бағытталды. олар атақ алу үшін емес, елінің намысы үшін қан төкті. осы соғыста 104 қазақ жауынгері совет одағының батыры атанды. айрықша ерлік көрсеткен қаншама солдатқа солақай саясаттың салдарынан ол атақ берілмей қалды. әйтпесе, бауыржан мен рахымжанды көзі тірісінде-ақ халық батыр атап кетті.қазір сол жеңістің өзіне күмәнмен қарайтын аз емес. ол соғыс фашизмнен азат етті. ол жеңіс болмаса, қазіргі әлем мүлде басқа күйге түсер еді. демек, оны ұмыту - ата ң ерлігін, төгілген тер мен ағылған қанды ұмыту. ол соғысқа қандай баға берілсе де, ол біздің де тарихымыз, жүріп өткен жолымыз. ал тарихты ұмытқан бораған тасқа тап болары сөзсіз.қазір баспасөздерде, телеарналарда осы оқиғаға байланысты жиі-жиі хабар таратылып жатыр. мына хабар өзіме ерекше әсер етті. кейуана соғыс кезіндегі сарғайған фотоларға көзінің жасын тамыза отырып, қан майданда кешкен жолдасы үшін нәпақасын ала алмай жүргеніне налиды. сөйтсе, бар себеп – жауынгердің соғыста жарақат алмауы екен. осы әділдік пе? қазақ: «қырық жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейді», деген ғой.соғысқа қатысқан әрбір жауынгер құрметтеуге лайық. біз, жас ұрпақ, сол ата-ң ерлігін қастерлеп, өзімізге әрқашан үлгі етуіміз қажет. соғыстың бетін аулақ қылсын. алайда ел басына қатер төнсе, елімізді біз қорғамағанда, кім қорғайды? азат елдің ұл-қыздары ерлік дәстүрлерін де берік ұстануы қажет.

megaromeo
Ғарыш— ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. кейде ғарыш ұғымына жер және оның атмосферасы енбей қалады. ғарыш «жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс ғарыш болып ажыратылады.  ғарыш алаңы, космодром — ғарыштық аппараттарды (ға) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады. ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. ракета тасыгыш (рт) пен ғарыштык аппаратты (ға) тасымалдауға, күрастыруға, сынауға, үшыру жүйесіне орнатуға, жанар май қүйып, үшұға дайындайтын және үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. ал электр энергиясын беретін, жарықгандыру, жылыту, желдету, өрт сөндіру, гермети-каландыру, байланыс жүйесі, сумен жабдықтау, лифт, қашықтан автоматты басқару жүйелері жалпы техникалық жабдықтар тобына енеді. 
veravlad
Дәл қазір жұмыста маңызды істердің барлығын бітірп, қолып босап отыр, сол себепті керекинфоға жаңадан тіркеліп алуға бел будым    осы жаққа жазып жатқаныма нұрлан достым ренжитін шығар (блогтайм)  . мен бұрын осында жазатынмын, сол себепті осында жалғастырғаным дұрыс болар. ал, көп созбай, тақырыпқа қайта оралайық. "қол босап қалды, не істеймін? үйге кетіп қалуға тағы болмайды, басекелерден және әріптестерімнен ұят болар" — деген ойлар біразымыздың басымызға келетін болар. жалғыз мен емес шығар деген үміттемін  .  қолым босаған кезде, ең бірінші, оқып жатырған кітабымды жалғастырамын. дәл қазір олдос хаксли ағамыздың «о дивный новый мир» атты кітабын оқып жүрмін. (кітап керемет, барлықтарың міндетті түрде оқыңдар). кітапты шамамен жарты сағаттай оқимын. екінші қолға (көзге) алатыным — мақалалар. мақалалар болғанда, мен әлемде не болып жатқаны жайлы жаңалықтарды оқымаймын. достарымнан естіп жатқаным жеткілікті. оқымайтын себебім, мыйымды керек емес ақпаратпен толтырғым келмейді. және, сол типтес мақаларды оқыған кезде, қатты шаршаймын, орнымнан шығарып жібереді. онымен қоса, еш әсерімді келтіре алмайтын оқиғалар жайлы білудің не керегі бар? мен оқитын мақалалар, өзіме тікелей әсер ететін мақалалар. мысалы: «кешке жүгірген дұрыс па әлде таңертен ба? », «интернет-маркетологқа қажетті құралдар» немесе «мақсатты қалай қойған дұрыс» — деген секілді.  айналысуға болатын тағы бір пайдалы іс — өзіңнің қай жерде екеніңді блокнот немесе ақ параққа жазу. мен басымдағы барлық ойларды блокнотқа түртіп отырамын. бос уақытымның жарты сағатын өзім жайлы жазамын. мен қазір қай жерге келдім? не істеп жатырмын? қойған мақсатыма дұрыс келе жатырмын ба? қазір қанша тенге тауып жатырмын? жарататын ақшам қанша? — міне осы сұрақтарды өзіме қойып, барлығын жызып қоямын, бұл процессті айына бір рет қайталап тұрамын. қолың бос па? құр отырмай, өзіңе пайда алып келетін заттармен айналыс. кофе іше бермей, жай ғана ыстық суды ішіп көр  мұның бәрін неге айтып жатырмын? қазір көбіміз, менімен қоса, уақытымызды үнемдемейміз. үнемдеместен бұрын, оны құр жаратып жатырмыз. ал уақыт дегеніміз қайта қалпына келмейтін ресурс. өтіп кеткен уақытты қайта қайтара алмаймыз. сол себепті жас кезімізде есімізді жиып, уақытты үнемді пайдаланайық.  болашағымыз өзіміздің қолмызда, қисыққолдылар  p.s. жазбағаныма өте көп болды. басымды біраз қызықты ақпараттарға толтырып алдым. енді, қолым босағанға байланысты, жазып, бөлісіп отырамын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ұлы отан соғысының батырлары. заранее огромное !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

annino
ntinyakova
Kolosove5465
Ragim777hazarovich
Blekjek730
Artyom
Konstantin_Vadimirovich
Валентинович133
Леонтьева
verav75
qelmar461
elvini857
Kondratchik Vladimir
petrosyan35
heodbxbbshe