Объяснение:
Электролиттік диссоциация теориясы - Өткен тақырыптар бойынша қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.
Ыдысқа құрғақ қант пен ас тұзын кезекпен салып, оны электр желісіне қоссақ, электр шамы жанбайды, олай болса қатты күйіндегі заттарда ток тасымалдаушы бөлшектердің болмағаны.
Құрғақ қант пен ас тұзының орнына дистилденген су құйсақ та электр шамының жанбайтынын көреміз.
Келесі жолы қант пен ас тұзына су құйып, олардың ерітіндісін аламыз. Жүйені электр желісіне қосқанда ас тұзының ерітіндісі құйылған жағдайда электр шамыны
Объяснение:
Атомдардың құрылысын түсіндіру үшін барлық элементтердің периодтық системасын қарап шығу керек. Бұл мәселе химия курсында айтылады. Біз бұл жерде тек сол системаның қазіргі замандағы түрін түсіндіретін бір жеңіл схема келтіреміз (схеманы қараңыз). Атом ядросы оң зарядты протондардан және зарядсыз нейтрондардан тұрады дегенбіз. Ядро сыртында айналып жүретін жеңіл және теріс зарядты электрондар бар. Әрбір элементтің электрон саны оның рет нөміріне тең. Мысалы, сутегінің нөмірі 1, оның электроны да 1, уранның нөмірі 92, оның электроны да 92. Сол электрондар атом ядросының сыртында белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы электрондардың орналасу тәртібін көрсетеді, яғни период нөмірі атом ядросының сыртындағы электрон қабығының санын көрсетеді. Элементтер системасының 7 периодтық тобы 7 қабат электрон қабығына дәл келеді. Осы қабықтарды ішінен (ядродан) сыртына қарай санағандағы белгілері мынадай: 1) К, 2) Л,3) М, 4) Н, 5) 0, 6) Р, 7) Қ (схеманы қара). Осы 7 үлкен периодтың үшеуі екі қатардан тұрады; олар: 4, 5, 6 периодтар. Сонымен, барлық элементтер он қатарға бөлінеді (І—Х). Енді, осы он қатардағы элементтердің электрон қабықтарының қалай құрылғандығына тоқталайық . Бірінші (Ы) қатардағы элемент саны екеу: 1—сутегі (Н), 2— гелий (Һе); электрон қабығы біреу (К); ол қабықтағы электрон саны не біреу, не екеу. Демек, бұл қатардағы екі элементтің айырмасы сол, олардың нөмірлеріне сәйкес электрон сандары сутегінде біреу, гелийде екеу. Осы айтылғандар жоғарыдағы суретте қалай көрсетілген? Мұнда 1 жатық жол мен элемент нөмірлері (№№) тұрған тік жолдың кездескен жерінде сол қатарға жататын элементтердің нөмірлері көрсетілген (1—2,яғни сутек, гелий деген түсінікті береді). Тағы сол 1 жол мен К электрон қабатының тік жолы түйіскен жерде сол қабықтағы электрон саны көрсетілген (1—2). Бұл сандардың алдындағы элемент нөмірлеріне дәл келетіні бұрын айтылған. Ендігі жерде жатық жол мен тік жолдың түйіскен жерлерін оңай табу үшін, оларды былай белгілейік: 1 жатық жол мен К тік жолдық түйіскен жерін (координатасын) 1К дейік. Сонымен, 1К—1—2 деген жазудың оқылуы: Ы қатардағы элементтердід электрон қабығы К, ондағы электрон саны бірден екіге дейін, демек, элемент саны да екеу. Екінші ( Ы Ы ) қатардағы элемент саны сегіз, оның нөмірлері 3-тен 10-ға дейін; схеманың жоғарыда айтылған координата тәртібі бойынша мұны былай көрсетеміз: ІІ№№ = 3—10. Олар мына элементтер: 3) литий (Лі), 4) бериллий (Бе), 5) бор (В), 6)көміртек (С), 7) азот (Н), 8)оттек (О), 9) фтор (Ғ), 10) неон(Не).
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: