1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген.Санкт-Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр құрастырды (1859). “Органикалық химия” деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют температурасын (1860), гидраттық теорияны (1865 – 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі – периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон – Менделеев теңдеулерін шығарды. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877), көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды.
Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды
Қышқылдар сутек атомынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі зат, олар екі топқа бөлінеді: Оттекті және Оттексіз Оттекті: HNO³, H²SO(4), H²CO³, H²SiO³, H³PO(4), H²SO³ Оттексіз: HCl, H(I), HBr, HF, H²S
Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.
H2CO3→CO2↑+H2O;
H2SO3→H2O|+SO2↑
Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.
Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н—CI Н—S—Н, т.б.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Даны пары элементов li и be; li и k а) у какого из атомов каждой пары элементов более ярко вырежены металичиские свойство ? почему?
короче берешь учебник по и смотришь в таблицу менделеева. по вертикали какой металл ниже,у того и более яркие металл свойства, а по горизонтали наоборот -кто правее тот менее с металл свойствами. так всегда лучше запомни
в первой паре литий как сказать
во второй паре калий