Объяснение:
Жасуша (клетка, cellula) – дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім – гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн (1810-1882 ж.ж). Т. Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдейді.
Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 микроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.
Жасуша цитоплазма мен ядродан тұрады.
Ядро (nucleus) – жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның да пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дизоксирибонуклеин қышқылы бар. Дизоксирибонуклеин қышқылында нәсілден нәсілге өтетін хабаршы “ген” сақталады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Окрестности солнца – удивительное место. кроме планет и спутников солнечную систему бороздят десятки, а то и сотни тысяч различных малых космических тел. все объекты удерживаются за счет силы притяжения солнца. подумай и дополни ряд, используя предложенные варианты: ряд: земля, меркурий, нептун, варианты: луна, сатурн, солнце, комета.