1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Тұмар (Томирис) — сақ массагет халқының байырғы заманда ел билеген батыр ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген парсылардың Кир патшасы әскерін ашық шайқаста жеңуімен тікелей байланысты.
Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
Бұл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамай тастайды.
Кир өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.
3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Ақпарат Негізгі Қосымша
1) Тұмар ханша есімінің тарихқа танылуы - парсылардың Кир патшасын жеңуімен тікелей байланысты
2) Грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды
4-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастыр.
1.2.
3.
4.
Кеңес үкіметі Қазақстанда атом бомбасын сынақтан өткізуді 1949 жылы 29 тамызда бастады. 1989 жылға дейін үздіксіз жарылыстардан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының тұрғындары қатты зардап шекті. Сол 40 жыл ішінде мүгедек болып туған балалар мен қоршаған ортаның ластануы кесірінен қырылған малды көруден шаршаған адамдар тек 1989 жылы бас көтеріп, полигонды жабуды талап етті.
Антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының алғашқы митингісі ақпан айында өтті. Кәріпбек Күйіков – қозғалыстың белсенді мүшесі болған. Сол алғашқы митингте ядролық қаруды сынақтан өткізуді тоқтатуды талап етіп, полигон қоршауына протез қолдарын іліп қойған екен.
Ол өз отбасының бастан кешірген қиындықтары мен полигоннан көрген зардаптары жайлы айтып берді.
1989 жыл. Кәріпбек Күйіковтің екі протез қолын полигон қоршауына іліп қойған кезі
– Менің ата-анам сынақ басталған кезде 7-8 жасар бала екен. Олар тұрып жатқан Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы Семей ядролық полигонынан 100 шақырым ғана жерде орналасқан. Ауыл тұрғындары кішігірім төбешіктерге шығып алып, бомбаның жарылғанын бақылайды екен.
Ал көзімен көргендерін бірі-біріне мақтана айтатын болған. Оның қандай зардап тарттыратын қарапайым ауыл тұрғындары қайдан білсін? Сондықтан ешкім оған мән бермеген.
Уақыт өте келе сәбилердің өлі тууы немесе дүние есігін аша сала шетінеп кетуі жиілегенде ғана бойларын қорқыныш билей бастапты. Бірақ қолдан келер шара жоқ. Үй жануарлары арасында екі басты бұзау, алты аяқты қозы туылуы көбейеді. Ал ауыл иттерінің жүні түсіп, тап-тақыр болып жүретін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Верны ли утверждения? А) Фарад – электроемкость уединенного проводника, численно равная величине заряда, который необходимо сообщить
Тест прошел проверку
ставим +1 к ответу)