Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше роль атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін әлеуметтік институт болып табылды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяи институт болуымен қатар, адамдар санасында да мейлінше ықпал етті. өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні – халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәірде шіркеу соборларында христиандық діни – уағыздардың ьасты қағидалары – сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі – Иисус Христостың тірілгеніне , о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне кәміл сену болып табылады. «Үштік» ұғымы құдайдай дәріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай – әке , құдай – бала, қасиетті Рух және күнәларды өтеуші Иисус Христос – әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең . Христиан діні адам өзінің таьиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға беім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің қоғамдағы ықпалы әр елде әр түрлі болғанымен, тұтастай алғанда күшті болды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Температура по шкале Кельвина связана с температурой по шкале Цельсия формулой t К = t °C + 273, а переход от температуры по Цельсию к температуре по Фаренгейту
решение к задаче приложено к ответу