Ұнамайтын сабақтар жөнінде фельетон
Біз отбасымызбен үлкен қалада тұратындықтан, мені ата - анам орыс балабақшасына берген болатын. Сол бетпен мен мектепті де орысша оқитын болдым. Демек, менің тілім қазақшаға сәл шорқақтау болды. Бұл жағдайға мен ауылға ата - әжеме барған кезде қатты қиналатынмын, себебі кей айтқан нәрселерді мен тек тік мағынада аударып, үнемі түсініспеушілік болып қалатын. Дегенмен, айтайын дегенім бұл емес еді. Күндердің күнінде ата - анамды жұмыс бабымен ауылдық жерге жұмысқа жіберетін болып, біз отбасымызбен ауылға көштік. Ал ауылдық жерде тек қазақ мектебі болған соң, мен сол мектепке ауыстырылдым. Сонымен кезекті дене шынықтыру сабағы болатын. Мұғалім журнал бойынша оқушыларды түгендеп алып, қазір есек пен аттан секіріп, жаттығу жасайтынымызды айтты. Сол бетпен мен есік жаққа қарай бет алдым, мұғалім таңқалып «Сен қайда барасың?» деп сұрады. Мен болсам «енді есек пен аттан секірмейміз бе есік алдында?» дедім. Сол сәтте залдағы оқушылардың барлығы күле бастады. Сөйтсем, менің есек пен ат деп жүргенім жаттығу жасауға арналған спорт құралдарының бір түрі екен. Мен болсам, сол сәтте өте қатты ұялып, жердің астына кіріп кетуге дайын болдым. Бұл оқиға біразға дейін көпшіліктің есінен кетпей, ал дене шынықтыру болса, маған ұнамайтын сабаққа айналды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Өздеріңіз күнделікті өмірден, ақпарат құралдарынан көріп жүрген пікірталас түрлерін атап жазыңыз (Кем дегенде үш түрлі бағдарламаны талдаңыз Олардың қоғамдық мәні мен маңызын анықтаңыз
тут вопше нечего не понятно egtkyhaxwhyndcagtubrfunn