Ғарыш кемесі – адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық аппарат. Оның негізгі ерекшелігі – ғарышкердің өмірін сақтауға арналған тұмшаланған кабинасының болуы. Геоцентрлік орбитамен ұшуға арналған ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі ғарыш кемесі деп, ал басқа аспан денесіне ұшуға арналған ғарыш кемесі планетааралық (экспедициялық) ғарыш кемесі деп аталады. Бұрынғы КСРО-да бір рет пайдаланылатын (ұшырылатын) «Восток», «Восход», «Союз», т.б. ғарыш кемелері, ал АҚШ-та бір рет пайдаланылатын «Меркурий», «Джемини», сондай-ақ экспедициялық «Аполло» сияқты ғарыш кемелері және көп рет пайдаланылатын «Спейс шаттл» ғарыш кемесі жасалып, ұшырылды. Ұшқышпен басқарылатын ғарыш кемесі бірнеше бөліктен тұрады және ол қозғалтқыш қондырғылармен, сондай-ақ ғарышкер өмірін сақтайтын, қозғалысты басқару, энергиямен қоректендіру, байланыс жүйелерімен, т.б. жабдықталады. Ғарыштық аппарат – белгілі бір мақсатты орындау үшін ғарышқа ұшырылған әр түрлі техникалық құрылғылардың жалпы аты. Кейде ғарыштық аппарат терминінің орнына «Ғарыштық ұшу аппараты» термині де қолданылады. Ғарыштық аппаратты ғарышқа ұшыруға қажетті жылдамдыққа жеткізу ракета тасығыш (ғарыштық ракета) арқылы атқарылады. Ғарыштық аппарат Жер төңірегіндегі ғарыштық аппарат (Жердің гравитациялық әсері аймағынан шықпай, геоцентрлік орбитамен айналатын) және планетааралық ғарыштық аппарат, автоматтық ғарыштық аппарат (Жердің, Айдың, Марстың, Шолпанның, Күннің жасанды серіктері), ұшқышпен басқарылатын ғарыштық кемелер, ішінде адам тұрып, жұмыс істеуге арналған орбиталық стансалар, планетааралық ғарыштық кемелер, т.б. болып ажыратылады. Ұшқышпен басқарылатын ғарыштық аппаратқа жүктерді жеткізу үшін автоматты көліктік ғарыштық аппараттар (мысалы, «Прогресс», «Спейс шаттл») пайдаланылады. Ғарыштық кеңістіктегі ерекше факторлардың (вакуум, метеор бөлшектер, радиация, салмақсыздық) әсерлері кезінде ұзақ уақыт бойынша өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ғарыштық аппаратта жылу режимін реттеу, борттық аппаратураны энергиямен қоректендіру (мысалы, Күн батареясы, т.б.), Жермен радиобайланыс, т.б. жүйелер болады. Экипажы бар ғарыштық аппараттың герметикалық кабинасында адам өмірін сақтау және оның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (температура, ылғалдылық, ауа қысымы, т.б.) жасалған. Ғарыштық аппаратты Жер бетіне (не басқа планетаға) қондыру екі тәсілмен: тежегіш ракета көмегімен (атмосферасы жоқ аспан денелеріне) немесе аэродинамикалық тежеу арқылы (Жерге, Шолпанға қондыру кезінде) атқарылады. Дүние жүзіндегі тұңғыш ғарыштық аппарат – Жердің жасанды серігі 1957 ж. төртінші қазанда, ал ұшқышпен басқарылатын тұңғыш ғарыштық аппарат – «Восток» кемесі 1961 ж. он екінші сәуірде Байқоңыр ғарыш алаңынан ұшырылған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
При облучении металлического фотокатода светом длиной волны l=400нм максимальная кинетическая энергия фотоэлектронов равна 1, 0эв найдите работу выхода фотоэлектронов из метала
во