Нау́чно-техни́ческая революция (НТР) — коренное качественное преобразование производительных сил, начавшееся в середине XX в., качественный скачок в структуре и динамике развития производительных сил, коренная перестройка технических основ материального производства на основе превращения науки в ведущий фактор производства, в результате которого происходит трансформация индустриального общества в постиндустриальное.
В основе многих выдвинутых ныне теорий и концепций, объясняющих глубинные изменения в экономической и социальной структурах передовых стран мира, лежит признание нарастания значения информации в жизни общества
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Что можно сказать о взаимосвязи рельефа и расположения месторождений полезных ископаемых и центров добывающей промышленности австралии?
Байқоңыр» – Қарағанды облысының территориясында орналасқан Cовет Одағының ең ірі космодромдарының бірі. Байқоңырда кең көлемді космостық зерттеулер жүргізу үшін бірқатар есептеу пункттері, ұшыру комплекстері, техникалық құрылыстар салынды. Байқоңырдан Жердің ең тұңғыш жасанды спутнигі ұшырылды. Одан космосқа жер жүзінде бірінші болып Ю.А. Гагарин, тұңғыш космонавт-әйел В.В.Терешкова ұшты. Сондай-ақ, Байқоңырдан космосты зерттеуге арналған көптеген космостық корабльдер, космостық станциялар, спутниктер және Айға, Марсқа, Шолпанға қарай ракеталар ұшырылды». Бұл – Қазақ Совет Энциклопедиясының осыдан 40 жыл бұрынғы мәліметтері.
Содан бергі төрт онжылдық бедерінде сол қазақ даласының ұлтарақтай аймағы ғарыш қызметіне қаншама өзгерістер енгізгенін түгелдей айтып жеткізу қиын, аса қиын. Әрине, Ғарыштану ғылымына қосқан үлесі ерен екені белгілі. Сонымен қатар, «қорғаныс ісі» мәселесінің алғашында – КСРО-ға, кейін Ресейге түсірген пайдасын әрине, біліп болмаймыз. Ал, жер иесіне төлейтін өтем ақысы ауыз жарытымсыз екенін ішіміз сезеді.
Осы сәтте Талғат Сүйінбайдың «Тұңғыш қазақ ғарышкері» аталатын ғұмырнамалық эссесіндегі бір эпизоды ойға оралады: «-Білесің бе, Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшады? Ал, сол жердің иесі – қазақтар. «Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?» – деп армандаумен келеді…
Байқоңырдағы «Энергия» ғылыми-өндірістік бірлестігінде: «Халқым үшін, қазағым үшін өліп кетуге дайынмын!» – деген таспаға жазылған сөз бар. Қажет деп тапсаң, барып көруіңе болады, – деп күлімсіреген Батыр әңгімесін жалғады» [Сүйінбай Т. Тұңғыш қазақ ғарышкері. – Алматы. Құс жолы, 2004. – 184-185 бб.]. Бұл ертеректегі арман еді.
Таяуда қазақ тілді республикалық газеттің тілшісі: «Байқоңыр кешені бойынша алғашқы үкіметаралық комиссияның жұмыс қорытындысын шығарған И.Шувалов пен Қ. Келімбетов Ресей мен Қазақстанның «Байқоңыр» кешенін жалдау жөніндегі келісімді ұстанатындықтарың сондай-ақ, екі ел Президенттерінің Байқоңырды» жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту туралы шешімін ерекше атап өтті, – дей келіп, – брифинг соңында И.Шувалов пен Қ.Келімбетов екі елдің «Байқоңыр» ғарыш айлағын өзара тиімді шарттар негізінде бірлесіп пайдалану бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін тағы да қуаттады» – деп, «сүйінші жаңалықты» жеткізгендей болды. Бұл көптеген адамдарға кезекті бір әшейін саяси ақпарат боп көрінер. Алайда елдің, ел емес, күллі планетаның, тіпті, Күн жүйесіндегі космостың табиғи тепе-теңдігі жөнінде аз-кем ой жүгірте алатын гомо сапиенс үшін ол қаражаяу мәлімет боп көрінбеуге тиіс. Бұл бір кездері «Адамға табын, Жер, енді» немесе «Космосты игереміз!» тәрізді өрекпе өктемдігімізді еске түсіретін кезекті эпизод секілді. Сондықтан да, «Айқын» газетінің осы жылғы 30 наурыз санындағы «Байқоңырға қатысты ешқандай келіспеушілік жоқ» деген тілші материалының тақырыбына, біз басқа бүйірінен келсек дейміз.
«Әп» дегенде айтарымыз: Соншама жаһани мәселеде екі мемлекеттің ресми тұлғалары алдарында жатқан бетке ұстар құжаты – «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, жұмсақтап келтіргенде, сақтауды елемеген тәрізді. Мысалы: Ондағы «5 тарау. Ғарыш қызметінің қауіпсіздігі. 27 бап. Ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына қатысты басты объект – адам, әсіресе сол жергілікті тұрғындардың денсаулығына міндетті түрде тигізетін залалдарына еш назар аударылмағаны…» – дейді.