Қаршыға Арктика мен Антарктидадан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Қазақстанда, көбінесе орман, қалың бұта, ағаш өскен тау бөктерін мекендейді. Дене тұрқы 28 – 114 см, салм. 800 – 1500 г. Тұмсық, тұяқтары қара, саусақтары салалы. Қоразы мен мекиенінің түсі ұқсас. Ұясын ағашқа, жартас, шыңға, жерге салады. Жылына 3 – 4 жұмыртқа басады. Қаршығаның ұя салып, өніп өскен жеріне қарай оны түр-түсі де алуан түрлі. Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін аңға ең көп салып, қолға ұстайтын құсы қаршыға болған. Оны бүркіт сияқты баптап, баулиды. Жақсы бап көрген қаршыға қаз, үйрек, дуадақ, ұлар, аққу, қырғауыл, саңырау құр сияқты құстарға түседі. Сондай-ақ, қоян, ақ тиін, алақоржындарды да іледі. Аңға салатын құс болғандықтан қаршыға көп ауланған. Сондықтан олардың саны жылдан жылға азайып келеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: