ҚАСЫМ ХАННЫҢ ҚАСҚА ЖОЛЫ – қазақтың ұлы хандарының бірі Қасым ханның (1511 – 1523 жж.) тікелей бастамасымен көшпелі ортада ежелден орныққан әдеттік құқықтың нормаларының жүйеленіп, кодификацияланған жинағы. Бұл жинақтың «Қасқа жол» деп аталуына қарағанда, ол Қасым ханның хандық жүргізген кезеңде көшпелілердің бір орталыққа бағынған мемлекеттік құрылымының ең маңызды атрибуты, әрі институционалдық механизмдерінің бірі ретінде алғаш жасақталған болуы керек. Қазақтың әдеттік құқығын зертеген және зерттеп жүрген біраз ғалымдар «Қасқа жолдың» негізгі қағидаларын көшпелі қоғамның кейінгі кезеңдерінде қолданыста болған құқықтық нормалар мен принциптерінің негізінде зерделеді. Соның ішінде әйгілі заңгер академик С.З. Зиманов пен қытай зерттеушісі Пожыпиң Бай Суичинді ерекше атауға болады. Егер, С.З. Зимановтың еңбектері «Қасқажолдың» тарихи қисындылығын теориялық негіздеуге арналса, қытай ғалымының зерттеуі нақтылығымен ерекшеленеді. Пожыпиң Бай Суичиннің пікірінше «Қасқа жолдың» құрылымы төмендегідей ережелерден тұрады: 1) мал мүлік заңы. Онда мал, жайылым жер туралы мәселелерді реттеуге байланысты нормалар белгіленген; 2) қылмыстық істер заңында кісі өлтіру, мал тонаушылар сияқты қылмысты жазалаудың нормалары көрсетілген; 3) әскери міндетті өтеу заңында әскери қосын құру және әскери міндет өтеу туралы қағидалар берілген; 4) елшілік заңында елшіліктің негізгі құқықтық парыздары мен міндеттерін белгілейтін нормалар негізделді; 5) азаматтық істер заңында өлім-жітімге байланысты, сондай-ақ, әртүрлі мерекелік шараларды, салттар мен ғұрыптарды атқаруға қатысты құқықтық нормалар берілді.
Өкінішке орай, күні бүгінге дейін аталмыш заңдар жинағының түпнұсқасы да, оны дәйектейтін жазба ескерткіштер де табылмай отыр. Сондықтан, жоғарыда аталған және басқа да зерттеушілердің еңбектерінің болжамдық қана мәні болатындығы түсінікті жайт. Дегенмен, көшпелі ортада ұрпақаралық-этникалық ақпараттың беріліс тәсілінің, осыған байланысты социумде сан алуан функция атқарған ақпараттық өрістің өзіндік ерекшелігіне орай Қасым хан билік жүргізген кезеңде «Қасқа жол» ресми құжатталса да, жазба түрде ұрпақтан ұрпаққа берілмеуі әбден мүмкін. Бірақ, социум үшін айырықша маңызды осы сияқты ұстаным-жолдардың ұрпақтан ұрпаққа берілісін қамтамасыз ететін көшпелі ортада ежелден орныққан айырықша әлеуетті механизм – ол қоғамдық тәжірибе болып табылады. Яғни, әдеттік құқықтың нормаларының, соның ішінде, «қасқа жол» сынды кодификацияланған ережелер жинағының да қолданысын ұдайы қамтамасыз етіп отыратын қоғамдық тәжірибе. Қоғамдық тәжірибенің қордаланып, түлеу үрдісін қамтамасыз ететін, әлбетте, әлеуметтік орта, сол ортадағы институционалдық қажеттілік.
Көшпелі ортаның әдеттік құқық саласындағы сан алуан институционалдық үдерістің ең басты субъектілері – қазақ билері мен олардың тәжірибесі «Қасқа жол» сияқты әдеттік құқықтың қағидаларының қолданысын ұрпақтан ұрпаққа берілісін қамтамасыз еткен негізгі фактор болды. Өйткені, «Қасым ханның қасқа жолының», «Есім ханның ескі жолының», Тәуке ханның «Жетіжарғысының» қоғамдық тәжірибе арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған негізгі қағидалары қазақ билерінің іс-әрекетінде үнемі негізге алынып отырылды (қ. Есім ханның ескі жолы / Есім хан салған ескі жол; Жеті жарғы). Қазақ төңкерісіне дейінгі әр кезеңдерде «қара қылды қақ жарған» дейтін әйгілі билерден жеткен деректерде олардың бірінші кезекте сүйенгені аталмыш «жолдар» мен Жеті жарғы екендігі жай айтылмаса керек. Бұл жайтты қазақтың әдеттік құқығын зерттеу барысында қазақ билерімен кездескен орыс ғалымдары да дәйектейді. Демек, «Қасқа жол», «Ескі жол» және Жеті жарғының негізгі қағидалары орыс отаршылдығының ыдыратар ықпалына қарамастан қазақ билерінің қоғамдық тәжірибесінде ұдайы қолданыста болды деп айтуға толық негіз бар.
Осы ретте ерекше екшеп айтар бірер жайт – «Қасым ханның қасқа жолының» нормалары, жоғарыда айтылған қоғамдық тәжірибенің ұрпақаралық беріліс функциясына байланысты, кейінгі «Ескі жол» мен «Жеті жарғыға» тұтас енгізілді деп айтуға болады. Мұндай байлам көшпелі қоғамның сан ғасырлық экологиялық негізділігіне, тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте өзгермейтін және өзгеруге тиісті емес әлеуметтік-экономикалық табиғатына, мәдени- рухани болмысына байланысты туындайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Земли каких современных государств включало в себя великое княжество литовское в первой половине 16 века? с какими странами оно граничило?
ВКЛ граничила с Пруссией, Курляндией, Ливонией и Польшей(внутри Речи Посполитой) и Российской Империей