Бұйрық Хан
Бұйрық Хан, Бай Бұқа (туған жылы белгісіз — 1206) — Найман мемлекетінің батыс бөлігінің билеушісі, найман ханы Инаныш Білге Бұқаның екінші ұлы.
Әкесі қайтыс болған соң, ағасы Таян ханмен (Тайбұқа) билікке таласып, Найман мемлекетінің батыс бөлігін, Алтай тауының оңтүстігі мен солтүстігін өз қол астына қаратып алды. 1199 жылы Шыңғыс хан мен Керей хандығы одағы Бұйрық Хан иелігіне шабуыл жасады. Бұйрық Хан Үңгіркөл маңында жеңіліс тауып, Енесей қырғыздары арасына қашып кетті. Ол 1201жылы Жамұқаның басшылығымен татар, найман, ойрат, тайшұғыт, жажират секілді тайпалардың бірлескен одағының Шыңғыс ханға қарсы жасаған жорығына қатысты. Бірақ бұл жорық жеңіліспен аяқталды. 1204 жылы Шыңғыс хан Найман мемлекетіне шабуыл жасап, Таян ханды өлтіріп, ұлыстың шығыс бөлігін басып алды. Таян ханның ұлы Күшіліктің Бұйрық Ханмен бірлесіп, Шыңғыс ханға қарсы тұрмақ болған әрекеті нәтижесіз болды. Бұйрық Хан 1206 жылы Шыңғыс хан қолының шабуылы кезінде қолға түсті. Сөйтіп Найман мемлекеті түбегейлі жойылды.
Посмотрите демоверсии ВПР 7 класс по истории.
В моих ВПР:
1. Проверка знания деятелей истории России и истории зарубежных стран.
2. Проверка знания исторической терминологии
3. Работа с текстовым исторически источником
4. Атрибуция исторической Карты
5. Проверка знания исторической географии и работа с контурной картой
6. Проверка знания фактов истории культуры России
7. Проверка знания фактов истории культуры России
8. Сопоставление по времени событий истории России и зарубежных стран
9. Проверка владения приемами аргументации
10. Проверка знания хронологии
11. Причинно-следственные связи
12. Знание истории родного края
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Когда сформировались три современные ветви славянства?
востоное и западное 1488год
южное же в 1228