боран түрлері
қыстың қаталдығын көрсететін табиғи дүлей күштің бірі – боран. қарды бұрқыратып, ұйытқып соғатын күшті жел ретінде танылатын боранды қазақ халқы оның дүлей күшіне қарай, ашуына қарай, бағытына қарай, уақытына қарай, ұзақтығына қарай түрліше атайды.
ақ боран – көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.
ақ түтек боран – алай-түлей түтеген боран.
ақ шұнақ боран – бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран.
аққұйрық боран – құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата соғатын боран.
ақ жорға – қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын, боран.
алай-түлей түтеген боран – ұйытқыған немесе бората соққан қатты жел.
алақаншық боран – бір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран.
дауыл боран – осқырған жел.
долы боран – екіленіп соғатын боран.
жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран.
жөпшеңді боран – кәдімгі боран.
қара боран – түтеген шаңды аспанға көтеретін боран.
құм боран – құмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран.
майлы боран – қойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран.
сұрапыл боран – қаруы қатты боран.
сырғыма боран – қарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран.
тас боран – суырып соққан күші қатты боран.
тентек боран – бір күшейіп, бір басылып соғатын боран.
түтек боран – алай-түлей боран.
ұйтқыма боран – ұйытқи соққан қарлы боран.
үскірік боран – құрғақ, суық боран.
ызғырық боран – өңменнен өтер ызғарлы боран.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
компьютер
менің компьютерім
сенің компьютерің
сіздің компьютеріңіз
оның компьютері