Тақырыбы: тіл қисыны сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. үй салуға, мәселен, түрлі зат керек. ол керек зат-топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген қтан кірпіш құяды. кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шықпақ. сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. үйдің түрлі болып шығуы ғынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. қ жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ. (160 сөз)
annaan-dr582
31.05.2023
Тақырыбы: аққулы көлде жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. аққулы колдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр. жаздың алтын нұры ойнаған күні еді. көк мөлдір сулы аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты. аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай ған кез еді. көлдің ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы -айнадай жалтыраған кең жайқын. сол жайқында аппақ болып шалқыған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл арасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. екі аққудың нәзік сұлу үнімен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап меруерт, гауһар тізіледі қап-қара жүнді, сыңқылдаған дауысты, ақ маңдайлы қасқалдақтар, қырқылдап ойнаған қоңыр үйректер, теріс аяқтар. сусылдап ұшып-қонып ойнаған нәзік үнді, көк ала мойын, көк ала жібек құйрық сұқ маржан көз сүңгуірлер. жылаған ақ түсті гагралар. қаңқылдап ұшып қонған қоңыр қаздар, шулаған шағалалар. көлді айнала қорыған қара ала қанатты, әдемі айдарлы, шаршамайтын, саққұлақ қызғыштар. көкке шығып, зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ, біз тұмсық тау құдіреттер, тағы да толып жатқан неше түрлі құстар көл басын сұлу күйлі думан қып жатты.(185 сөз)