Jannadon77
?>

Составить диалог на темы: көшеде (на улице) , ғимаратта (в здании) , саябақта (в парке), сапаржайда (в автовокзале), қоштасу (прощаться), сәлемдесу (здороваться), алғыс айту () , кешірім сұрау (просить прощения)

Казахский язык

Ответы

Николаевна
На улице: -прошу прощенья,не подскажите мне где находится дом № 117? я не местный,немного заблудился. -да,конечно. вам нужно дойти до кафе "кактус",повернуть на лево и идти до перекрёстка,перейдя дорогу,вы сразу увидите большое здание-это и есть нужный вам дом. -большое ! в автовокзале: -добрый день,скажите когда вы отправляетесь  в москву? -через 3 часа -у вас есть ещё места? могу ли я купить билет? -да, конечно! - -удачной вам дороги -
PetrovDrozdov1785
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! соғыс – күйретуші күш! дәл солай! барды жоқ ететін, тауды жер ететін. жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. ұлы отан соғ бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. неменеңе жетістің батыр, қариялар азайып бара жатыр бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында ұлы отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? ! солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – жеңіс күні. бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. сондықтан да бұл ұлы мереке. оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. ол - өмір заңы. біз ұлы отан соғысындағы ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. ол күш - әрине, "бірлік”. қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.ұлы жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. москва, сенің іргеңді ел, ер болып сақтаймыз сенен аяр жан да жоқ, барлығы да сен үшін, саған қауіп төнгенде жау таянып келгенде, қамсыз тыныш жатпаймыз алпыс ұлттың , қол ұстасып үн қосып, қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған нүрпейіс байғанидің өлеңінен халқымыздың мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. сол кездегі кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. қазақстандық жауынгерлер брест қамалынан бастап берлинге дейін барды. олар сталинград түбіндегі шайқаста, днепр өткелінде, москва мен ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. ұлы отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың кеңес одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. биылғы жыл кеңес одағының батыры атағын кеш алған бауыржан момышұлы атамыздың жүз жылдық мерейтойы жеңістің алпыс бес жыдығымен қатар келіп тұр. торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш бауржан момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. 
Макаров1887
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. похудение для самых ленивых и тем, кому за 40! жир с живота уйдет уже через неделю! ваши морщины исчезнут без следа! даже глубокие морщины уйдут за 14 дней! қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. көмір бассейндеріне қарағанды, екібастүз, майкөбен, обаған, жіліншік, теңіз-қорғалжын, шу, іле (қалжат), төменгі іле (оңтүстік-қаш) және орал-каспий (жайың-жем) жатады. қазір қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында. қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна. қазақстанның жер қыртысы мұнаймен табиғи газдарға бай. каспий маңы ойпаты, каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды. арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. мұнай мен газга қатысты торғай, шу-сарысу, зайсан—алакөл ировинцияларының болашағы зор. қазақстанда металл кен орындары барланған. темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. оның 80% торғай темір кен бассейнінде орналасқан. бассейннің ірі кен орындарына соколов сарыбай, қашар, лисаков және аят кен орындары жатады. металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды. ұлытаудағы қарсақатай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар. шағын темір кен орындары кеңтөбеде (қарағанды), атансарда (көкшетау), қаратаста (жезқазған), иірсуде (оңтүстік қазақстан) және т.б. жерлерде табылған. марганец кендері атасу темірмарганец бассейнінен басқа сарыарқада, ұлытауда, қаратауда, маңғыстау мен семейде анықталған. хромит кендері негізінен ақтөбеде табылған. кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. хромит кенін өндіру бойынша қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты. хромит кендері қостанайдағы жетіқарада, құндыбайда, аққарғада, ақтауда, семейде табылған. ванадий кендері қаратау мен жабағылтауда табылған. кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. кеннің сапасы жоғары емес. ванадий бар кендер шыңғыс тауларында, бетпақдалада, кіндіктаста, теріскей алатауы мен жезқазған аймағында кездеседі. титан кендері қостанайда, көкшетауда, ақмола мен ақтөбе облыстарында барланған. ұлытау, оңтүстік алтайда және жезқазған облысындағы қоры белгілі. қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен сипатталады. алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. келешегі бар аудандарға сарыарқаның батысы мен солтүстігі, торғай ойпаты, сырдария өзенінің бассейні, каспий маңы және арал маңы ойпаты. аманкелді, обаған, жоғарғы тобыл, теңіз, таскөл және шаған, мұғалжар, шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады. алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған. никель және кендері ақтөбе, қостанай, жезқазған, карағанды, павлодар, семей және жамбыл облыстарында таралған. ақтөбедегі кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры қостанай облысындағы аққарға мен ақтауда шоғырланған. силикатты никель кендері басқа семей және жезқазған облыстарында ашылған. олардан металлургиялық өндеу барысында талқыланады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составить диалог на темы: көшеде (на улице) , ғимаратта (в здании) , саябақта (в парке), сапаржайда (в автовокзале), қоштасу (прощаться), сәлемдесу (здороваться), алғыс айту () , кешірім сұрау (просить прощения)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*