ответ: Су - тіршілік көзі.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Су күнделікті шөлімізді ғана қандырып қоймай, сонымен қатар суда жүзіп, жаттығу жасаған ағзамызда едәуір пайдалы. Мысалы, суда жаттығу жасау тек жүректі нығайтып қана қоймай, бүкіл ағзаға да жағымды әсер етеді екен. Жалпы су жаттығулары барлық қан - тамырлар жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келген. Әкесі — Дулат аты шыққан шебер, ал анасы — Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды. Әкесі балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, одан кейін орысша оқытып, заң қызметіне бағыттады. Осы жолмен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді.
Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды. Бірақ екі жылдан кейін басқа мектепке ауысып кетті. Ол жайында өзі де жазған.
"Жасым 8-ге келгенде әкем мені ауыл молдасына оқуға берген. Ол өте надан молда болатын. Қанша уақыт сол кісіден білім алғанымды білмеймін, бірақ араб тіліндегі дұғаларды жаттағанымнан басқа еш нәрсе үйренгенім жоқ", - деп жазды Дулатұлы.
Молдадан кейін Міржақып ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. 12 жасында әкесінен айырылады. Ағасы Асқар әкесінің тілегін орындаймын деп, Міржақыпты ары қарай оқытады. Сөйтіп, інісін өзі оқыған екі кластық орыс-қазақ мектебіне береді. Міржақып Ыбырай Алтынсарин негізін салып кеткен мектепте бес жыл оқып, үздік бітіріп шығады.
"Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым", - деп еске алды Дулатұлы.