ответ:
егемен қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. оның құрамындағы ең басты туынды – ақорда – қазақстан республикасы президентінің резиденциясы.
резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «хан шатыр» – «бәйтерек» – «ақорда» – «бейбітшілік және келісім сарайы» – «қазақ елі» монументі бой көрсетеді. сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.
ақорда – ел ң жаңа философиясының көрнекі бейнесі. резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты өзінің толық кескінін қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен – олардың мәнер-стилистикасы мен түсіне қатысты шешімдерінен тапты. еуропалық сәулет өнеріне тән дәстүрлі шешім ғимаратта жаңа мазмұнмен толыққан. ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. қазақы және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау-жиһаздарында шеңберлер мазмұны және ою-өрнекті декор арқылы көрініс тапқан. авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ерекшелігі – резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей жиынтығы. метафорикалық тұрғыдан ол еуропалық мәдениет өрісіндегі далалық өркениетті, ғаламшардағы ірі құрлық – еуразия өнерінің синтезін көрсетеді. сыртқы келбет пен ішкі көріністің эстетикалық жүйесінің өзі дәстүрлі еуропалық сәулеткерліктің ойланып жасалған озық үлгілерінен келіп шығады. резиденцияда көрініске қойылған қазақстандық суретшілердің туындылары қазақстан өзін әлемде ұлы өркениеттер мәдениетін тоғыстырушы мемлекет ретінде көрсете отырып, мақтаныш тұтатын батыс пен шығыс мәдениеттерінің қажетті құрайды.

резиденция құрылысы 2001 жылы басталды. авторлар алдында үстіндегі елдің қуаты мен қарқынын білдіретін қайталанбас бірегей кешен құру міндеті тұрды. жоба жұмысын еуропа мен қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер м.гуалаци мен а.мольтени бар. ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик қ.монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. аса маңызды мемлекеттік нысанды салу үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары еңбек етті.
қазақстан республикасы президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр. ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.
сәулет ансамблінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі – сыртқы абаттандырылуына да айрықша көңіл бөлінген. ақорда алдындағы алаң көше беттегі негізгі қасбеттің сән-салтанатты сипатын аша түседі. субұрқақ пен гүлдер аллеясы да салтанатты көрініс тудырады. кіре беріс және асфальтты жолдар, шағын сәулеткерлік нысандар, автотұрақ аймақтары композицияға нұқсан келтірместен өз орындарын тапқан. аумақ шырағдандары бар декоративті дуалмен қоршалған.
мемлекет басшысы резиденциясының атауында терең мағына бар. тікелей аударғанда «ақорда» кәдімгі «ақ орда» («белая ставка») дегенді білдіреді. резиденцияның қасбеттері мен ішкі көріністерінің түстеріне қатысты шешімде ақ түс пен ашық реңктер басым. «ақ» сөзі түркілік мәдениет семантикасында ең алдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді. бұл ұғым – шаттық пен сәттіліктің, шынайылық пен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны. ақ түстің бай символикасы ақорданың сәулеткерлік келбетінде көрініс тапқан. бұл, ең алдымен, оның негізгі ішкі көріністерінің колористикалық шешімі. ең негізгі, басты түс ретінде ақ түс өзінің табиғи аппақ түсінен піл сүйегінің түсіне дейінгі көптеген реңктер түрінде кездеседі.
ответ:
байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер
өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында шаруашылықтар тарап, жұрт жұмыссыз қалған жоқ па? ! әсіресе, көзін шаруамен ашқан ауылшаруашылығы мамандарына қиын болды. шаруашылықтың жыл он екі ай кезең-кезеңімен келетін науқандық жұмыстарынан бай тәжірибе жинақтап, бір шаруашылықты басқарса, дөңгелетіп әкетеді-ау деген білікті мамандардың қатарында «трудовой пахарь» колхозының бас инженері бөкенбай битабаров та бар еді. жұртқа мәлім бұл шаруашылық облыста оза шапқан озат шаруашылық болатын. еңбек ері а. нахмановичтай білікті басшының басқаруымен шаруасы шалқыған колхозда мықты мамандар өсіп шықты. осында өмірге келіп, жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітіріп, еңбекке білек сыбана кіріскен жас маман бөкенбай битабаров автомеханик, жөндеу шеберханасының меңгерушісі, бас инженеріне дейінгі жолдан өтті.
нарық заманында тараған колхоздың орнында шағын шаруашылықтар пайда болды. қазір сол алғашқы шаруашылықтар ұмыт болды. орнын жаңасы басуда. алайда, 1999 жылы «достық-99» шаруа қожалығын құрған білікті маман б. битабаровтың қожалығы осы жылдар аралығында тек өрлеу, өсу үстінде болды. осы ауылдың 300 тұрғынының басын біріктіріп, олардың үлесіндегі жер телімдерін игеріп, ұқсатып отырған бөкенбайға ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. осы жылдар аралығында жұрттың үлесін алып, қара басының пайдасына бола тірлік етіп көпшіліктің қалған талай пысықтарды көрдік қой.
қазіргі таңда «достық-99» шаруа қожалығының иелігінде 1276 гектар жер бар. оның 636 гектары суармалы, 4500 гектары жайылымдық, 1000 гектары шабындық жер. бұл – тиімді пайдаланса, табысты тасытатын байлық қой. өйткені, атамыз қазақ «байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер» деген. жермен жұмыс істеген шаруаның еңбегі қашанда берекелі болған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите небольшой текст. кыс тустэ. кун суыты. даланы ак кар басты. кок муз устенде коньки теэп жур. кешкентай бэр шанамен сырханап барады. екэ шанхы теуэп жур.