Колибри (trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі солтүстік және оңтүстік америкаөңірінде кеңінен таралған. денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. жер бетіндегі ең ұсақ құстар. қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, алмекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы гемоглобинніңмөлшері де көп.
romashka17-90
11.11.2020
Қай халықтың да болмасын дастарқаны, сол халықтың түрмыс салтына, әдет-ғүрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі түрмыс кеш- кендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгеше. Оның дені: ет, сүт, қымыз, сары май, қүрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері. Кешегі қазан төңкерісінен кейін жаппай отырықшылыққа айналған соң ғана қазақ дастарқанына нан, жеміс, әр түрлі көкөніс, яғни өсімдік тағамдары ене бастаған. "Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен" деген үғым да осы түста енсе керек. Өйткені қазақтардың әу баста еккенттыұ дақылдары да осы арпа, бидай, тары, күріш болған ғой. Рас қазақ үшін алма,қара қат, бүлдірген, шие, жидек, қыр алуалар бұрыннан таныс еді десек, өрік, мейіз, анар, алмүрт, қарабұрыш т. т. кейін келіп қосылған. Қауын, қарбыз, сәбіз, қызылша, өсімдік майлары да отырықшылық әкелген ас түрлері еді десек керек.