Қазақ халқы - талай ғасырлар бойы көп қиындық көрсе де, ежелден келе жатқан салт-дәстүрін ұмытпаған халық. мысалы, дүниеге сәби келсе, ағайын-туыс бірін-бірі құттықтап, сүйінші сұрайды. сүйіншіге хабардың маңыздылығына қарай мал, ақша немесе әртүрлі бағалы заттар беріледі. ұзақ сапарға шығатын қой сойып, жақын туған-туысын шақырып, үлкендерден бата алады. халқымыз мұны «жолаяқ жасау» дейді. жолаяқ жасау күні бүгінге дейін жалғасып келеді. тойда, мейрамда аналар мен әжелер шашу шашады. шашуды кәмпит тәрізді тәттілерден де, күміс теңгелерден де шашуға болады. жаңа түскен келін қ аттағанда шашу шашу – қалыптасқан дәстүр.сонымен қатар тағы бір дәстүр - бесік той. бесік тойда туған-туыс жиналып, нәрестені бесікке салады. міне, қазақ халқының осындай мән-маңызы жоғары салт-дәстүрлері өте көп. бұл дәстүрлер қанша заман өтсе де өз маңызын жоймады. оның өзі халқымыздың дәстүрге беріктігін көрсетеді. сондықтан, біз, келешек қазақ жастары, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан ата-салтымызды ұмытпай, оны келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. себебі, ел ң негізі ата-салтымызды құрметтеуден басталады.
ipKAV85
21.02.2022
Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін алла берген берекесі, алаштың нәсіп болған, құтты болсын наурыз мерекесі! *** ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын! **** көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. олай болса, наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!
★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★★