k-alexey9
?>

Осы кунги айтыстагы акын кыздарды атандар.

Казахский язык

Ответы

sonicegle
Айнур турсынбаева.сара.гулнур оразбай.акмарал леубаева-осы кунгы   айтыскер акындар.
Носов Тоноян
Сара тоқтамысова айнұр тұрсынбаева
aamer9992680

Объяснение:

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса.

Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

«Масаның» негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысынан, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерлерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімдік, үндестік байқалады. Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» сияқты өлеңдердің мазмұны осыны танытады.

Алдыңғы ағалар суреттеп кеткен қазақ қоғамының жалпы қалпында дәл сол кезде айтарлықтай өзгерістер жоқты. Ахмет қоғамның сол бір келеңсіз көріністеріне салқын қарай алмайды. Ол жан ауыртып, жүрек сыздатар «қасірет сөзін» айтып, хатқа жазады.

«Қазақ қалпы», «Досыма хат» өлеңдерінде қазақ елінің қалпы «Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, теңізде жүрміз қалқып көшпесі жоқ», «Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, алалық алты бақан дертпен кірдік»,— «Ақшаға абыройын, арын сатып, азған жұрт, адамшылық қалмай сыны», «Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы» деген сипаттармен нақтылана түседі.

А. Байтұрсыновтың «Жиған-терген» өлеңі Абайдың «Сегіз аяғы» үлгісімен, әсерімен жазылған шығарма. Осы өлеңде қазақ қоғамының бірсыпыра көкейтесті мәселелері көтерілген. Елді, ел намысын ойлайтындар аздығы, бірліктің жоқтығы, ел басшыларының зорлықшылығы, т.б. жайлар туралы ой-тұжырым айтылған. Қоғам қалпы туралы ойланған ақын:

Әр жолды ойлап,

Ойыма бойлап,

Ұқтым тайыз, тереңді.

Сайраған тілмен,

Зарлаған үнмен,

Құлағы жоқ кереңді —

Ұқтыра алмай сөз әуре,

Тек тұра алмай біз әуре,— дейді де, сөз ұғар, көңіл көзі сергек қауым алдына нелер келеңсіз көріністер сырын ашады. Ұлы ұстазы Абайша ол «Салынып дауға, сатылып жауға» аянған болыстықты, аңқау адамдарды алдап, мал жинап, кәсіп етіп жүрген арамза моллаларды, халық бойындағы енжарлық, бейқамдық мінездерді сынға алады. «Ұйқышыл жұртты, түксиген мұртты, обыр обып, сорып тұр» — «Түн етіп күнін оятқызбай қорып тұр» — ақын ойынша мұндай озбырлық, үстемдік ету үшін жүргізіліп отырган саясаттың нәтижесі. Соның бәрін көріп толғанған ақын:

Ұлғайып қайғы,

Уытын жайды,

Айтпасыма болмады.

Қабағын түйіп,

Қаһарын жиып,

Көкті бұлт торлады.

Жаңбыр жаумай, жауса қар,

Жұрт жұтайтын түрі бар,—деген ойлы тұжырым жасайды.

А. Байтұрсынов қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп, аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп, үндемей жүре бермей, адамдық қасиетті қорғауды қалайды. Бұл оның демократтық, гуманистік көзқарастарға бейімдігін аңғартады. «Адамдық диқаншысы» деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып, жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе, алдағандарға алданбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, олардың намысына тиерлік ащы сөздер айтады.

Елдің ауыр халін аз да болса жеңілдету жолдары туралы ойланғанда Ахмет бұрын қалыптасып дамыған ағартушылықтың мақсат-мұраты арнасында ой өрбітеді, ұйқыдан оянып, білім-ғылымға ұмтылу қажеттігін, оянған ерге еру керектігін еске салады.

vdnh451

Бір тіл білсең - бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың». Көп тілді меңгергеннің білімі мен дүниетанымы да кеңейе түсетіні рас. Тарихтан белгілі ғұламалардың өзі мұны сол заманның өзінде қолға алып, келер ұрпаққа ой тастаған. Мәселен, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби жетпіске жуық тіл білгені тарихтан белгілі. Өйткені, ғылым мен білімнің дамуы да тілді үйренумен тікелей байланысты.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзі. Алдымен, ана тіліне деген үлкен құрметтің қалыптасуы маңызды. Өз тіліңді сыйламау, түп-тамырыңды білмей, басқаны бағындырам деу - бекершілік. Елбасы Н. Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін баса айтқан болатын. Қазақ тілін меңгерту мақсатында сан түрлі жобалар мен бастамалардың қолға алынып жатқаны белгілі. Бірақ, қажеттілік аз ба, әлде азаматтардың ынта-ықыласы жеткіліксіз бе, бастама болғанмен, оған деген сұраныстың аз екені жиі айтылып жүр. Ана тілі, қазақ тілін осы елдің жерін басып жүрген тұрғындардың бәріне білу – міндетті. Мекемелердің тарапынан қажеттілік орнатса, талап күшейсе бұл іс те бірізділікке салынар. Үштұғырлы тілдің негізгі тұғырында туған тіл тұруы тиіс!

Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» - елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында деп мәлім еткен болатын. Мәліметтер бойынша, қазіргі таңда еліміздің 30-дан астам мектептерінде1-ші сыныптан бастап, дәрістер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ, бірқатар оқу орындарында көптілді білім беру жүйесі енгізілген. Бастауыш сыныптардан бастап, қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай тілдерін тереңдетіп оқытатын лингвистикалық гимназиялар көптеп ашылып жатыр. Көптілді лингвистикалық гимназияларда дәрістер теориямен қатар тәжірибемен ұштастырылып, сондай-ақ, түрлі әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, ойын түрінде өткізіледі екен.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» - деген даналық сөз бар.

Кез келген ел үшін біліммен қаруланған ұрпағының өз туған тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін жоймауы маңызды.

Объяснение:

өзіңе керекті жерлерін жазып ал♡

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Осы кунги айтыстагы акын кыздарды атандар.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Валерьевна1601
alicia179
membuksdk
optikmir
vasilevam
office3
zalev
Zhamynchiev
Алина Ракитин1730
lavorenn
JisesLove19955
Valentina
xeniagolovitinskaya4546
АлександрАлександровна
Помгите сор по казахскому языку ​
Valentina1520