По- -. -. - каких птиц ты знаешь? - лебедь, голубь, перепёлка, аист, попугай - какая твоя любимая птица? - моя любимая птица страус . - расскажи об этой птице. - страусы живут на юге америки, вес более стапятидесити килограмм , рост более 2,5 метров - ты видела - да - как они выглядят? - большая голова, яркие глаза, хищник, мягкое оперение.из их перьев делают национальные головные уборы. - какая любимая еда орла? - его любимая еда мясо - ты любишь птиц? - да - пока - пока по-казахский (редактировать) -. -. - қандай құстарды сен білесің? - аққу, көгершін, бөдене, аист, попугай - қандай сенің сүйікті құсың? - менің сүйікті құсым страус . - осы құсты әңгімеле-. - страусы американың оңтүстігінде тұрады, салмағы жүз елу килограмм, бойы 2,5 метр - сен үкі көрдің бе? олар келбеті қандай? үлкен бас, ашық түсті көздер, азулы аң оның жүндерінен ұлттық бас киімдерді жасайды. - бүркіттің сүйікті асы қандай? - оның сүйікті асы ет - сен құстарды жақсы көресің бе? - иә - сау бол - сау бол
mirogall
16.04.2020
Толағай (аңыз) "толағай" - халық аңызы. шығыс қазақстан облысы тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, ға толағай деген ат қойғандығы айтылады. ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, толағай ай санап емес, күн санап өседі. төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ табылмайды. әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. бірде олардың мекеніне жұт келеді. жауын жаумай, қуаңшылық болады. шөлден мал қырылып, өледі. күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықтыбілмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. ол шаршамай ұзақ жүреді. халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. оны көтеріп келе жатқан толағай екенін біледі. найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. халық "толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "апа! " деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. содан бері бұл тау "толағай" деп аталады. аңызды шығыс қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлықэкспедициясы тарбағатай өңірінен жазып алған. қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.[1]