Менің атам.
Менің атамның есімі – Тұрсын, жасы жетпіс екіде, дегенмен әлі жас көрінеді, өз күші өзінде. Атам көп жылдар бойы Ішкі Істер Басқармасында абыройлы қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер. Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Атам барлық немерелерін кішкене күнінен еңбекке баулып, өзінің бар білгенін бізге үйретуде. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады.
Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен атамның «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал атам болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Атамды ерекше қатты жақсы көремін! Болашақта сол кісінің жолын қуып, полиция қызметкері болуды армандаймын.
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады.
Объяснение:
можно лучший ответ
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите на язык: қазақ ұлттық өнерінің тарихында абайдың музыкалық мұрасы ерекше орын алады. абай дәстүрі жаңа толқын қазақ ақын –жазушыларының шығармашылығында жалғасын табуда. қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану саласы табысты . абай шығармалары көптеген әлем халықтарының тіліне аударылған.