бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен ға тәтті үлестіреді. осыдан кейін бесікті отпен аластап, бөлейді. бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. үлкендер батасын беріп, ң ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. және бесік жыры айтылады:
айыр қалпақ киісіп,
ақырып жауға тиісіп,
батыр болар ма екенсің?
бармақтарың майысып,
түрлі ою ойысып,
шебер болар ма екенсің?
таңдайларың тақылдап,
сөзіңді жұрт мақұлдап,
шешен болар ма екенсің?
тағы бір нұсқасы:
әлди-әлди ақ бөпем,
ақ бесікке жат бөпем
жылама, бөпем, жылама,
жілік шағып берейін.
байқұтанның құйрығын
жіпке тағып берейін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Будущее моего города сочинение на казахском.