dimari81
?>

Как написать сочинение на казахском языке на тему "абай ұлы ақын" за 9 класс

Казахский язык

Ответы

mirsanm26249
Абай –  ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.ғасырлар бойы қалыптасқан қ жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың  ұлттық  рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік  болды.осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның жаны мен  уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.абай өзінің ілік, гуманистік, қоғамдық, эстетикалық ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен  ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтеріле түсті, сол арқылы бүкіл  қ идеяларға жол тапты.ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып,  ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалық    биікке алып шықты.абайдың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәні оның өз шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат-мұратын айқын  көрсете отырып, жалпы қ құндылықтарды жете бағалай білген  ұлы ақынға тән суреткерлік дарындылығынан, кемеңгер ойшылдығынан айқын танылады.абай жас шағында семей қаласындағы мұсылманша медреседе  оқыды. бұл жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін тез меңгерді,  шығыс классиктері сағди, науаи, низами, физули, хафиздің, т. б. шығармаларымен танысты. сонымен қатар ол орыс мектебіне де барып жүреді. өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі арқасында абай орыс тілін де игереді. алайда, әкесі құнанбай оны енді өзінің жанында  ұстап, бірте-бірте ел билеу ісіне араластырмақ ниетпен ауылға қайтарып алады. ендігі жерде абай ел арасындағы әр түрлі ру таласы, жер дауы, жесір дауы секілді істерге араласып, қолында күші бар топтардың әділетсіздігін көріп, әр түрлі топ өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін үнемі байқап жүреді. олардың істеген істеріндегі, күнделікті қылықтарындағы мағынасыздықты, бітпейтін талас-тартыстың, өнімсіз әуресарсаңмен күн өткізушіліктің ел басына үлкенауыртпалық түсіріп отырғанын терең түсіне бастайды. абай осылай  қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық, ілік үшін күресуге  ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елді, жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім, ғылым жолына түсуге шақыруды  мақсат еткен абай осы ой-пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың  жүрегіне  ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал өлең сөз, ақындық өнер деп санайды. бойындағы ақындық қуатын осы жолға жұмсау қажет деп түсінеді.абайдың кейінгі, кемелденген шағында шығыс ойшылдарының  философия, теология, логика, тарих жөніндегі еңбектерін терең  зерттегендігін, түркі поэзиясымен қатар араб, парсы поэзиясына қызығуы  арта түскенін оның шығармаларынан да байқауға болады. жылдар  өте абайдың батыс европа елдерінің қоғамдық-философиялық  жетістіктеріне, француз, ағылшын, неміс ағартушыларының шығармаларына деген ынта-ықыласы арта түседі. ол өзінің шығармашылық  ізденістерінде пушкин, лермонтов, крылов, салтыков-щедрин, лев  толстой сияқты көркем сез шеберлері мен ойшылдарының өнегесінен  тағылым ала білді. гете, байрон, шиллер сияқты батыс европа ақындары да абайдың назарын аударады. абай поэзиясы қазақ әдебиетіндегі мүлде жаңа құбылыс, жаңа кезең болғанын айта отырып, ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тірегі, сарқылмас қайнар көзі халық поэзиясы, жүздеген жырау, жыршы, ақындарды туғызған халықтың сан ғасырлық бай әдеби мұрасы дейміз. халықтың өмірімен, поэзиясымен терең тамырластығы абайдың ақындық тұлғасына ана сүтімен біткен қасиеттей  ұлттық, даралық  сипат бергені даусыз.
gbg231940

Жалпы ұрпақ тәрбиесіне асыл дінімізбен қатар, дана халқымыз да қашанда бей-жай қарамағаны белгілі. Ислам діні бала тәрбиесі туралы маңызы зор толғамдар мен пайдалы насихаттарға толы. Балаға жақсы есім қою, оған тәлімді де парасатты тәрбие беру – ата-ана үшін ең ұлағатты парыз.

Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші әрине ата-ана.

«Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашығы да жарқын болмақ» - демекші, «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін әріден бастау керектігін де айтып кеткен. Адамгершілік үстемдік құрған қоғамның азаматын тәрбиелейтін мектеп ол – әрине Отбасы. «Отан – отбасынан басталады» деп те айтамыз. Отбасы ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп десекте болғандай.

Алла Тағала Құран Кәрімде:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَاراً

«Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!»[1] деп бұйырған.

Бұл аяттың мағынасына қатысты имам Табари өз тәпсір кітәбінің 28-том, 165-бетінде былай деген: «Бір-бірлеріңе және жанұяларыңа Алла парыз қылған құлшылықтарды үйретіп өздеріңді және жанұяларыңды тозақ отынан сақтаңдар»-десе, имам Қуртубидің тәфсирінде 18-том, 196-бетінде имам Муқатил ибн Хайам: «Бала шағамызға дінді, хайыр жақсылықтарды және дін этикасын үйрету бізге міндет» - деп түсіндіреді.

Сондай-ақ тәрбие мәселесіне қатысты тағы бір Құран аятында былай делінген:

وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِالصَّلَاةِ وَاصْطَبِرْ عَلَيْهَا

«Үй ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл»[2].

Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) хадис шарифінде адамдардың жауапкершілігі жайында соның ішінде тәрбие турсында былай деген:

عن عبد الله بن عمر رضي الله عنهما عن النبي صلى الله عليه وسلم قال: أَلَا كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، فَالْأَمِيرُ الَّذِي عَلَى النَّاسِ رَاعٍ، وَهُوَ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ عَلَى أَهْلِ بَيْتِهِ، وَهُوَ مَسْئُولٌ عَنْهُمْ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ عَلَى بَيْتِ بَعْلِهَا وَوَلَدِهِ، وَهِيَ مَسْئُولَةٌ عَنْهُمْ، وَالْعَبْدُ رَاعٍ عَلَى مَالِ سَيِّدِهِ وَهُوَ مَسْئُولٌ عَنْهُ، أَلَا فَكُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ. متفق عليه.

Ибн Омар (Алла одан разы болсын): «Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Әр қайсыларың бақташысыңдар және (барлықтарың) қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар. Ел билеуші бір бақташы және қоластындағылары (халқы) үшін жауапты. Ер адам жанұясының бақташысы және солар үшін жауапты. Әйел ерінің шаңырағы мен бала-шағасының бақташысы және сол үшін жауапты. Қызметші де қожайынының дүние-мүлкінің бақташысы және сол үшін жауапты. Қысқасы әр қайсыларың бақташысыңдар және қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар»,- деп айтқанын естідім - деген[3].

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Жалпылай алғанда а қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталатыны мәлім. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, кісінің алажібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді .

Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру .Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі а кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты .

ibird777

Менің ойымша автор ақыр ақырзаманның белгісін жазғысы келді.

Менің ойымша автор ақыр ақырзаманның белгісін жазғысы келді.Мен оны былай т., Автор бұл өлең арқылы елін

Менің ойымша автор ақыр ақырзаманның белгісін жазғысы келді.Мен оны былай т., Автор бұл өлең арқылы елінқорғағысы келді.

Менің ойымша автор ақыр ақырзаманның белгісін жазғысы келді.Мен оны былай т., Автор бұл өлең арқылы елінқорғағысы келді.Оны м,д,м д аламын. Жыршы бұл заманнан аулақ болуға шақырады.

Менің ойымша автор ақыр ақырзаманның белгісін жазғысы келді.Мен оны былай т., Автор бұл өлең арқылы елінқорғағысы келді.Оны м,д,м д аламын. Жыршы бұл заманнан аулақ болуға шақырады.Қорытынды. Өзімізді айналамыздағы адамдарды жақсы жаққа өзгертуге тырысайық.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Как написать сочинение на казахском языке на тему "абай ұлы ақын" за 9 класс
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Дмитрий_Пергамент669
Сведения о дружбе махамбета с исатаем.
lakeeva90
Елизавета Александр2011
Vitproficosmetics
lawyer-2019
АлександрАнатолий
Mikhail579
Сергеевич1907
ustinovda14
universal21vek116
gorushko-tabak3
znaberd786
elegiy
Kochetova92
drappaeva68