Биз бейбитшиликти суйемиз.аспанда калыктап ушкан кустар мен шуагын шашып турган кунди багалай билуимиз керек.ким биледи ертен ондай кун тумай калуы да мумкин емес пе?
thebest59
21.01.2021
Мен жазды қалай өткіземін ең ұзақ демалыстар ол жазда. мектептен соң барлық жазғы демалысқа жиналады. отбасымен бірге сапарларға кетеді. жаз әліде жақын емес, бірақ мен жазғы демалысты қалай өткізетінімді білем. жаздың бірінші айында қалада болам, қыдырам, өзімнің достарыммен әңгімелесем. екінші айында континент лагеріне барамын.мен осы лагерьде алдын болғанмын және маған анда өте ұнайды, анда өте қызық және керемет ойын-сауық бағдарламалары бар. сосын біз турцияға барғымыз келеді, мен анда бірде бір рет болмағанмын және мен анда баруды өте қалаймын және жаңа бірдеңелерді білгім келеді. ең соңғы жаздың үшінші айында достарыммен және бір рет көңіл көтеруді қалаймын сосын мектептің дайындығымен шұғылданамын.
MNA888
21.01.2021
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. мектепке асыққан , қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.