Жерұйық — Асан қайғы бабамыз армандаған мекен. Жерұйық сөзінің мағынасы жәннат, киелі мекен дегенге де келеді.
Асан қайғы бабамыз Есіл өзенін көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен», — депті. Елбасымыз бір сөзінде «Біз Жерұйықты таптық. Біздің Жерұйығымыз — Астана» деген болатын.
Біле білсек, Асан қайғы қазақ мемлекетінің географиялық картасын жасап берген алғашқы адам. Оның Жерұйықты іздеп жүріп, жырына қоспаған жері жоқ. Сол жыры арқылы халқы өз жерін терең біліп таныды.
Асан қайғының “Жерұйығы” стратегиялық маңызға да ие. Жерұйық шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы екенін зерттеушілер айтып жүр.
Тәуелсіз Қазақстанның жерұйығы — Астана. Бүкіл қазақтың бет бұратын киелі мекені де осы. Ендеше, Астанадағы халықаралық деңгейдегі жаңа ғимаратты «Жерұйық» деп атауға әбден болады. Менің бұл ұсынысым Елбасының мемлекетімізді Ұлы Дала елі деп атау туралы бастамасымен толығымен қуаттайды.
Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан тәрізді ғұламаларымыз Асан қайғыны «ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалаған. Астарына үңілсек, Президентіміздің саясатымен, халқымыздың ұлы мұратымен үндеседі. Осы атау арқылы біз тарихымыздың тереңде екенін де көрсете аламыз. Ендігі жерде көпшіліктің қолдауы керек. Ұсыныс жасап, ел болып осы атауға қол жеткізейік, ағайын
Можно лучший ответ
ответ:Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Етістік қалай жіктеледі? прошу мне надо