Кордова хилафаты – Пиреней түбегінде 929 – 1031 жылдар аралығында салтанат құрған мұсылман мемлекеті. Пиреней түбегін арабтар мен берберлер жаулап алғаннан кейін Кордоба әмірлігі (756 – 929 жылдары) құрылып, астанасы Кордоба қаласы болған. Абдуррахман II 929 ж. өзін халифа деп жариялағандықтан әмірлік Кордова хилафатына айналды. Кордова хилафаты 10 ғасырдың аяғы мен 11 ғасырдың басында аса қуатты мемлекет болды. Кордова хилафаты билеушілері жікшілдік пиғылдағы араб-бербер тайпа көсемдерін талқандап, түбектегі христиан мемлекеттерімен жүргізілген соғыстарда үлкен жеңістерге жетті. Нәтижесінде Кордова хилафаты саяси-экономикалық жағынан айтарлықтай нығайып, сауда мен мәдениеттің өркендеуіне кең жол ашылды. Бірақ билеушілер арасында үздіксіз болып тұратын тақ таластары ел ішінде өзара соғыстар туғызды. Соғыстар кезінде бай қалалар қирап, егіншілікпен айналысқан аймақтар қаңырап бос қалды. 1031 ж. Кордова хилафаты бірнеше ұсақ әмірліктерге бөлініп кетті.
Толық мақаласы: Есік обасы
Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігі 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды.
Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биіктігі 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңтүстік және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған.
Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Карындаш, кыркуек тауэльдык просклонять по падежам на казахском языке
І. қарындаштың, қыркүйектің, тәуелсіздіктің
Б. карындашка, кыркуйекке, тауелсиздикке
Т. карындашты, кыркуйекти, тауелсиздикти
Ж. карындашта, кыркуйекте, тауелсиздикте
Ш. карындаштан, кыркуйектен, тауелсиздиктен
К. карындашпен, кыркуйекпен, тауелсиздикпен