Компьютердің пайдасы мен зияны Жаһанданудың нәтижесінде, компьютер және басқа электронды құралдар адам өмірінің айнымас бөлігіне айналды. Мысалы, компьютерлер жұмыс барысында, оқуда және ойын-сауық үшін қажетті. Алайда, бұл құрылғының пайдалы жақтарымен қатар, зияны да бар. Компьютер біздің өмірімізді жеңілдетеді. Алыс-жақында тұратын туыстармен лезде сөйлесуге болады. Зеріккенде кино көріп, ойын ойнауға да мүмкіндік етеді. Ал зиянына келетін болсақ, ол адамның көзін зақымдап, ұйқыдан айырады. Әсіресе, түнде компьютерді көп қолданатын адамдардың күн тәртібі бұзылады. Компьютерді әр адам өзінің денсаулығына және күнделікті қажеттілігіне қарай пайдалану керек.
Староческуль-Станиславовна
28.08.2020
интернет деген не және ол не үшін қажет? бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (international network). интернет- бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкнідіктер ұсынады. интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.
info8
28.08.2020
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1: 2 қазақстан pеспубликасының мемлекеттiк елтаңбасы — қазақстан республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.рәмiздiк тұрғыдан қр мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. ол — елтаңбаның жүрегi.шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. шаңырақ — күн шеңберi. айналған күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтыңсәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Жаһанданудың нәтижесінде, компьютер және басқа электронды құралдар адам өмірінің айнымас бөлігіне айналды. Мысалы, компьютерлер жұмыс барысында, оқуда және ойын-сауық үшін қажетті. Алайда, бұл құрылғының пайдалы жақтарымен қатар, зияны да бар.
Компьютер біздің өмірімізді жеңілдетеді. Алыс-жақында тұратын туыстармен лезде сөйлесуге болады. Зеріккенде кино көріп, ойын ойнауға да мүмкіндік етеді. Ал зиянына келетін болсақ, ол адамның көзін зақымдап, ұйқыдан айырады. Әсіресе, түнде компьютерді көп қолданатын адамдардың күн тәртібі бұзылады.
Компьютерді әр адам өзінің денсаулығына және күнделікті қажеттілігіне қарай пайдалану керек.