Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпан 1837, Санкт-Петербург, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.
Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.
Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.
12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.
А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.
Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Матиннен деректи зат есимдерди тап. магынасын тусиндир.