Gaziev1636
?>

Написать эссе на тему "школа будущего'', -на казахском языке.

Казахский язык

Ответы

зырянов_Юрьевна378

«Болашақ мектеп» шағын шығарма.

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.  

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.  

Енді бір сәт қиялға беріліп, армандап көрейікші? «Болашақ мектебім қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысып көрейін. Әрине, ең алдымен жаңадан салынған не болмаса күрделі жөндеуден өткізілген, толықтай жаңартылған мектепте оқығанды армандаймын. Одан кейін – мектеп толықтай цифрландырылып, соңғы техникалық оқу – құралдарымен, зертханалық кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілсе деймін. Одан кейінгі тілегім, шетелдегідей қашықтықтан оқыту технолоиясы енгізілсе, тіптен керемет болар еді. Мысалға, ауырып қалған күндердің сабағын үйден отырып оқып, дайындалсаң, құрбыларыңнан еш қалмайсың.  

Әзірге бұл арман болып көрінгенімен, жақын болашақта мүмкін болады деп сенемін.

varvara82193

Мемлекеттің болашақта әрі қарай дамуы мен гүлденуі тікелей жастарға байланысты болатындықтан, қоғамның белсенді буыны, елдің ертеңі жастардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде.

Республикамызда әрбір екінші адам – 30 жасқа толмаған жастар, сондықтан 1999 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының бекітілуі, 2004 жылы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның қабылдануы жастардың өміріне ерекше мән берілетініне мысал болады. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Maloletkina-marina2

1. Әбу Насыр әл-Фарабидің кітапханасы Күмбез сарайдың терістік бетіндегі кума етіп салынған түкпіргі бөлмелерде болатын. 2. Әуел баста кітапхана ұлы ғұлама туып-өскен «Аққорған» атты қорғанында еді, Отырар шаһарының атағы дүйім жұртқа дабырайған соң Әбу Насыр көзі тірісінде Күмбез сарайға көшірткен. 3. Содан бері сан көп заман өтті, кітапхана иесі жат жерде қайтыс болды, кітап қоры молыға түсті. 4. Иланшы Қадырхан бүгін сол кітапхананы аралап көрмекші еді. 5. Жаңадан кітаптар қосылды, - соны білмекші. Кітапхана орналасқан бес қатпар қыш бөлменің бас қақпасының алдынан Әнет баба ұшырасқан.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать эссе на тему "школа будущего'', -на казахском языке.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Svetlana ALLA
dima0218687
rublevaoe392
svetlana-ladyga
rastockin8410
oyunabaduraeva
Sergei1805
ntyremsk1
skalegin68
anechcak
Сайжанов
olgakozelskaa492
Milovidova
Vasilevna_Mikhail19
nevzorova