- Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау: бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім, - деп, Кендебай алтын кебісті ханға ұсынады. Хан: - Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбай батырға: «Маған қызмет етсең босатам», - деп елші жіберіп едім, қарысқан батыр екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ, қол-аяғымды босатсаң, содан кейін сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. Босатуға корықтық. Ондағы мақсат: сені қолға түсіру еді. Сенің атағың бізге де мәлім еді. Сені алдыртып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған сон, намысы болса, іздеп келер деп елінді шаптырып, батырыңды байлатып алдыртқан едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қоятын тағы бір шартым бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатып, беремін, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп күйеу етемін, - деді. Кендебай Керқұла аттың қанжығасындағы қоржынын алып келіп, арыстанның азуын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды. Хан разы болып, зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға түскен басқа адамдарды азат етеді. Шауып алған малын қайтарып береді. Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне аттандырады. Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді. Ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Ұлы думан, үлкен той істейді. Кендебай тұрғанда елге батып ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп, бұл ел Керқұла атты Кендебай батырдың елі болып атаныпты.
Сақтар туралы.
Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді.
Қазақ тарихын зерттеген тарихшы,этнограф,антрополог,археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыкқан дейді. Әйгілі ғалым А. Н. Бернштам қазақтын атын сақтармен байланыстырады. Ол: «қазақ» деген сөз ерте замандағы «каспи» және «сақ» деген екі тайпаның қосылуынан шыққан, яғни каспи – сақ, қас – сақ – қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М. Ақынжанов қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (тайпа аты) деген екі сөзден «қас сақ» (нағыз сақ) дегеннен шыққан. «Қазақтар — түрік, моңғол тектес халықтың екі бұтағынан (ғұн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дейді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жақсыдан үйрен , жаманнан жирен мәтін көмек керек еді