Goldaram84
?>

Вопросы по биографии абая кунанбаева

Казахский язык

Ответы

Анатольевич447

Абай Құнанбайұлы жайлы сұрақтар (жауаптарымен).

Абай Құнанбайұлы кім болған? Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай Құнанбайұлы қашан, қай жерде дүниеге келген? Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген.

Абай қайда, қандай білім алған? Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Неше жасында ел басқару ісіне араласады? Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Абайдың әкесі Құнанбай қандай қызмет атқарған? Абайдың әкесі Қарқаралының аға сұлтаны болған.

Абайдың әжесінің аты? Зере

АнатольевичМиронова885
Менің сүйікті тағамым - палау
Мен тағамдарды талғап жемеймін .Бірақ тағамдардың ішінде қатты жақсы көретінім- палау.Палау— өздеріңізге белгілі болғандай көрші мемлекет Өзбек елінің ұлттық тағамы. Қазақ дәстүрінде қашаннан бары белгісіз, бізде беташар, құдайы кездерінде дастарханға молынан ұсынылатын тағам. Бірқатар елдерге Орталық Азия мемлекеттерінің тағамы саналатын палаудың денсаулыққа пайдасы көп көрінеді. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша калорийі жоғары болса да, палау ауыр тағамдардың қатарына кірмейді екен.Сол себепті мен палауды ұнатамын.
mila-vsv
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай а ғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Вопросы по биографии абая кунанбаева
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Popov Valentina1324
alex6543213090
dedald
slitex
ЮлияДаниил520
evlampin
Kashtanov Anna
gudachaa1480
sawa-msk
rakitinat8
tribunskavictory
agaloan8
sergey
puchkovajulia
orange-salon-job77