nataljatchetvertnova
?>

Сочинение на казахском языке про жаксынын аты олемдейды (хорошое имя не умерает ) сочинение про известного человек например пушкина я вообще каз яз не понимаю

Казахский язык

Ответы

lukanaft
ВОТ 1 
Менин елiм Казакстан.Ол Азияда орналаскан.Менiн елiм бай ел.Елiмiзде алтын,мунай ,газ коп.Казакстан Ресей,Озбекстан,Кыргызстан,Кытай мемлекетерiмен шектеседi.Казакстан алем бойынша жер колемiнен 9-шы орында тур.Мен оз елiмдi жаксы коремiн!
ВОТ 2 
Абай  Құнанбаев  (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың  ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр болса да,оның мәнгі өлмес шығармалары,халыққа мұра болып қалған,
Абай өз бетімен үйреніп,орысша кітаптарды көп оқыды,1880 жылдардың ортасынан бастап,Абай ақындық жолға түсті,Осы жылдан бастап,ол өлеңді үзбей жазуға тырысқан,Оның 1885 жылы жазған өлеңінде""Жасымда ғылым бар деп ескермедім'',Абай ғылым-білімді кезінде зерттей алмағынына өкініш білдіреді, Ал 1886 жылы жазған ''Ғылым таппай мақтанба,''Интернатта оқып жүр,талай қазақ баласы''деген өлеңдерде,ақын кейінгі ұрпаққа айтар өсиет түрінде жазылған,
Абайдың қай өлеңің алсаң,да ақынның келесі ұрпаұұа қалдырған өсиеті,''халқым'''.жұртым деп халықтың әлеуметтік жағдайын ойлап,ақын аңсаған,достыққа,махаббатқа үгіттейді,
Қазіргі заманда Абай өлеңдері бүкіл дүние жүзі ,отандық тарихымыз бен әдебиетімізде орын алды,Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге,Алматы Ұлттық университетіне,Алматы қаласындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театырына берілген,
Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті, 
ВЫБИРАЙ 
olegtarasov1965

Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т. б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен.

sergeylive

сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, хал-жағдайын біліп қайтшы, – дейді.

Қызыл телпек:

– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді. – Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.

– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.

Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді. – Ал әжең қайда тұрады? – деп сұрайды қасқыр.

– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.

– Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.

Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол - жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды - артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады. – Тоқ - тоқ - тоқ!

– Бұл кім? – деп сұрайды әжесі.

Қасқыр дауысын жіңішкертіп:

– Әже, бұл мен ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім, – дейді.

Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: – Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады.

Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. – Тоқ - тоқ - тоқ!

– Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр.

Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар» деп ойлайды.

– Бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім. Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:

– Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, – дейді. Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көрпемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:

– Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, – дейді. Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды. Қасқыр енді:

– Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына жатады да:

– Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? – деп сұрайды.

– Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым.

– Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?

– Сені жақсы есту үшін, қызым.

– Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?

– Сені жақсы көру үшін, қызым. – Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?

– Сені тезірек жеу үшін, қызым - ау! – деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен бірге жұта салады. Байғұс қыз айғайлап та үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды. Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.

Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгіме-дүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на казахском языке про жаксынын аты олемдейды (хорошое имя не умерает ) сочинение про известного человек например пушкина я вообще каз яз не понимаю
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kush-2640
Александр Джабраиловна1967
goryavinan
Nikita
kol-nat26
vantoslaltd
Ivanovich_Kostik898
zabava-83
Васильев1028
akakne86
Овезова Игорь
amaraks67
palosik7621
magichands68
Natalya1895