Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.
Білім сонау ғасырлардан а танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артады. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі. Білім үнемі кепілдегі байлық. Білімді адам - ең бай адам. Адам ешқашан толықтай білімге қанық бола алмайды. Байлық, мақсат, мансапқа жету жолында білімнің маңызы зор. ХХІ-ғасыр - ақпарат пен технологияның заманы. Ендігі адамдардың білім алу деңгейі мүлде жаңа деңгейге көтерілді, сапасы артты. Ізденген адамға білім ақпарат алу көздері жетерлік. Тіпті технологияның арқасында адам тілді ешқайда шықпай бір орында жатып-ақ үйрене береді. Мұның бәрі білімнің шексіз құдіреті.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Как расшифровать эти слова? қпу қазұпу бұұ ақ жшс если можно с переводом