1)Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ Перевод:Без ученья нет знаний, Без знаний нет жизни 2)Оқу білім азығы, Білім ырыс қазығы Перевод:Ученье — источник знаний, Знание — источник достатка 3)Ғылым — теңіз, білім — қайық. Перевод:Наука — океан, знание — лодка. 4) Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей. Перевод:В молодости полученные знания – на камне высеченная надпись, в старости полученные знания – на льду вырубленная надпись
svetarakityanskaya
13.11.2022
Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз: «Байлық байлық емес, бірлік – байлық», – деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағының амандығы келешегінің кемелдігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына қосып отыр.
grachevakaterina
13.11.2022
Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.[1] Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан.
Білімсіз күнің жоқ
Перевод:Без ученья нет знаний,
Без знаний нет жизни
2)Оқу білім азығы,
Білім ырыс қазығы
Перевод:Ученье — источник знаний,
Знание — источник достатка
3)Ғылым — теңіз, білім — қайық.
Перевод:Наука — океан, знание — лодка.
4)
Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей.
Перевод:В молодости полученные знания – на камне высеченная надпись, в старости полученные знания – на льду вырубленная надпись