Киіз үй бөліктеріне қатысы бар бата - тілектер:
Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені саналады. Жалпы, жоғарыда аталып кеткен бата – тілектерді жас жұбайлар үйленіп, шаңырақ құрғанда айтады. Үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген мағыналы сөздер.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар бар, ойна, жүгір, жарыс, сөйле
Жіктеу:1жақ.Бардым,ойнадым,жүгірдім,жарыстым,сөйледім.
2жақ.Бардың,ойнадың,жүгірдің,жарыстың,сөйледің.
3жақ.Барды,ойнады,жүгірді,жарысты,сөйледі.
Сөйлем:Бүгін уйіңе ерте бар.Əселмен қар атысып ойна.Айдос,алдыңа қарап,жылдам жүгір.Осы жарыс керемет өтті.Ал енді сен сөйле.