Қыс туралы шығарма
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр.
Қыс мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай! Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл мезгілдің адамға әсері. Қыс балалық шақтың естелігі. Қыс аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл. Омбы қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында аппақ көрпе, төбеңізде күн сәулесі. Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың сізге айтары бар секілді... Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын қыс. Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Терезеңізге сезім білдіріп жүрген аязды көресіз бе...? Қыс тазалық пен пәк көңілдің, тұнықтық пен тылсым құбылыстың мезгілі.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, армансыз ойнап, біраз тынығады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Кемпірқосақ сөзіне фонетикалық талдау
к - дауыссыз қатаң
е - дауысты жіңішке ашық езулік
м - дауыссыз үнді
п - дауыссыз қатаң
і - дауысты жіңішке езілік қысаң
р - дауыссыз үнді
қ - дауыссыз қатаң
о дауысты жуан еріндік ашық
с - дауыссыз қатаң
а - дауысты жуан ашық езулік
қ - дауыссыз қатаң