Бастауышқа мысалдар.
Бастауыш - сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесі.
Мысалы: Жиналыс (не?) сағат жетіде аяқталды.
Анам (кім?) дүкеге кетті.
Кітаптар (нелер?) баспадан шықты.
Оқушылар (кімдер?) емтихан тапсырып жатыр.
Баяндауышқа мысалдар.
Баяндауыш - сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесі.
Мысалы: Қоңырау соғылды (не істеді?).
Дүкеннен азық – түлік сатып алдым (не қылдым, не істедім?)
Арман әлі ұйықтап жатыр (не істеп жатыр?).
Пысықтауышқа мысалдар.
Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді.
Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш
2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш
3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш
4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш
5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш
Толықтауышқа мысалдар.
Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады.
Мысалы: Атасы баласын (кімді?) шақырды.
Оған (кімге?) көмектесу керек.
Қасқырлар көк шолаққа (неге?) ауыз салды.
Мен Айданамен (кіммен?) сөйлесіп, кездесу туралы ұсыныс жасадым.
Анықтауышқа мысалдар.
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).
Оқыған (қандай? Қай?) кітаптарым мені іске бастады.
Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.
Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите 7 предложений про домбыру на казахском
Ертеде домбыраның түрлері өте көп болған.
Домбыра өткен ғасырларда шертер, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз т.б. аспаптармен қатар дамыды.
Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді.
Домбырамен тектес қытай аспабы–пипа оларға көшпенділерден ауысты.
Бірі ұлы домбырашылар-қазақ халық музыкант және композитор Құрманғазы
Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады.