Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір - екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай - ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек. «Оқу - тәрбие процессінің гигиенасы» Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.
tomogradandrey
20.02.2020
Қазақстанда тату-тәтті он бес миллионнан астам адамдар өмір сүреді , жүздеген халықтар тұрады . Менің таңғалатыным , қалай бір елде көптеген халық тұрады , діні-насихаты әр түрлі адамдар бәрібір ілтипатты бір-біріне таза және пәк . Қазақ , орыс , ұйғыр , неміс , кәріс , татар және т.б. тілдерде кітаптар мен мақалалар шығады , ұлттардың тілдерінде радио мен теледидарлардан бағдарламалар көрсетіледі . Бәрімізді қосатын бір ел - Қазақстан . Елімізде бар барлық ұлт қазақ , татар , орыс , кәріс тағы бар . Бәрімізге пана болды . Ең тату халықтың бірі қазақтар . Қазақтың жері жомарт халқы дархан . Бәрі тілін , тарихын білу керек . Осы жерде бәрі болсын тату . Қазақстанның халықтары тату берік . Бұл қазақ жерінде бірлікті сақтауға көмек береді . Ал "Бірлік" - бұл ең маңызды .
Lvova_Aleksandr933
20.02.2020
Менің Қазақстаным - ең қымбат, маңызды, бағалы, сүйікті елім. Бұл менің Отаным... Қазақстанда бір отбасымен он бес миллион адам өмір сүреді, жүзден астам ұлт өкілдері және халықтары. Біздің елімізде басқа тілде сөйлейтін, басқа дін ұстанатын, басқа ұлт адамдары бір елде қалай тұратынына әлі де таң қаламын. Қазақ тілінде, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар және газеттер шығарылады, ұлттық театрлар жұмыс істейді, эстрадалық ансамбльдер, ұлттық программалар радио және телекөріністерде жүргізіледі. Бүкілімізді, яғни әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін бір нәрсе: біз - Қазақстан халқымыз. Қазақстан - мүмкіндігі көп, тәуелсіз ел. Оның дамуы тез жүріп бара жатыр. Қазір біз жай ғана балалармыз, бірақ келешегімізге жоспар құрамыз, мемлекетке пайда әкелетіндей біреу болуға, елдің әл-ауқатын арттыруды армандаймыз. Менің Қазақстаным: бейбіт, еркін, бай, көп ұлтты. Біз еліміздің өткенімен мақтанамыз, келешек үшін қазіргіге өмір арнаймыз.