ответ:“Роланд туралы жыр” (“Chanson de Roland”) — француздың ортағасырлық батырлық эпосы. Біздің дәуірімізге “Роланд туралы жырдың” өзгеріске түскен нұсқалары ғана жеткен. Олардың ішіндегі ең көнесі Оксфордтық нұсқа (1170 ж. ш.). Жырға негіз етіп жылнамашы Эйнхардтың “Ұлы Карлдың өмірін баяндау” атты туындысы алынған. Басклерге қарсы шайқас тарихына негізделген жырда 778 ж. Карл әскерінің Пиреней тауында талқандалуы, жеке басының қамын халық мүддесінен жоғары қоятын граф Ганелонның опасыздығы әңгімеленеді. 9 — 10 ғасырларда жырды жеткізушілер шығарманы өңдеп, өзгертті, трагедиялық оқиғаны басқаша көріністермен ауыстырып, басклердің орнына сарациндіктерді қосты, бір жылға жетпей аяқталған Карл жорығын 7 жылға созды. Ең бастысы, поэмаға негіз болған тарихи оқиға поэтикалық бейнелер арқылы мүлдем жаңа сипатқа ие болды (Карл, Роландтар эпикалық батыр дәрежесіне көтерілді). Эпикалық туындының басты қаһарманы Роланд Ганелонның екі жүзді, қатыгез іс-әрекеттеріне қарама-қарсы сипатталған дара тұлға. Роланд бейнесі поэмада романтикалық-патетикалық сарында берілсе, [[]Карл]]дың айбынды тұлғасы дараланып, оның іс-әрекеттері арқылы ел тұтастығын нығайту идеясы тұжырымдалған. Шығармада ғарыштан періштелердің келуі секілді діни-мифологиялық үлгілер де көрініс тапқан. Шығарма кейіпкерлер мінез-құлқындағы психологизмнің даралығы мен соғыс сюжетін бейнелеудегі көркемдік үлгілердің үйлесімді қолданысымен ерекшеленеді. “Роланд туралы жыр” алғаш 1837 ж. Парижде басылып шықты, авторы белгісіз. Француз композиторы О.Мерме “Роланд Ронсеваль шатқалында” атты операның музыкасын жазды (1864 ж. қойылды).
Қобыланды батыр - қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. “Қобыланды батыр” жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да, “Қобыланды батыр” жыры көп вариантты жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жазушылардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. “Қобыланды батыр” жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. “Қобыланды батыр” жырының бізге 29 түпнұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырларға арналған. “Қобыланды батыр” жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (мыс., Марабай, Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл Сүйінішәлі, Дәулетше, т.б. нұсқалар) аталған. Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі, халық арасына кең тараған, ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар. Бұл – мазмұны жағынан, көркемдік сапасы жөнінен болсын биік, оқшау тұрған жыр. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы. 1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар “Қобыланды батыр” жырын жазып алған. Оның ең көркем, ең қызық бір тарауын Қобыландынң Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы баслып шыққан “Қырғыз хрестоматиясына” енгізді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Какой корень у казакского слова отбасым перевод семья