оны ұлы жыршы жеткізген. ал толығырақ:
Жошы ханның өлімі төңірегінде алып қашпа әңгіме көп. Олай болуы Жошы өлімінің кездейсоқтығында ма деп ойлаймын. Оқиға былай болған. Шыңғысхан 1225 жылдың күзінде Хорезм жорығынан атамекеніне қайтып оралып, Туланың қара орманында хан ордасын тігеді [1]. Келе сала алда тұрған Тангут (Си Ся) жорығына қамдана бастайды. Жорыққа байланысты ол өз ұлдары және қолбасшы, кеңесшілерін қара шаңырақта бас қосуға шақырады. Жошы «Денсаулығының ақаулығына» байланысты бұл жолы да келе алмады. Бірақ Хорезмнен келген Шағатай «Жошы қыпшақтарды жақын тартып алғаны соншалық ол ата жұртынан іргесін алысқа салып қана қоймай тіптен қара шаңыраққа қарсы бағытталған әрекет жасауы ықтимал» [1], - деген хабар жеткізеді. Оның үстіне дәл осы кезде Маңғыттық біреудің: «Жошы хан есен-аман Қыпшақ даласында бөкен аулап жүр [2], - делінетін хабары Шыңғысханды шынымен қаһарына міңгізеді. «Жошы бізге жау болды, ол жынданған екен» [2], - деп қаһарланған Шыңғысхан Өгөдэй, Шағатай қолын Жошыға қарсы аттандырып, өзі ұлдарының соңынан атқа қонбақшы болып жинала бастайды. Дәл осы сәтте «Жошы дүниеден өтті» деген оқыс хабар келіп жетеді. Шыңғысхан басында бұл хабарлардың қайсысына сенерін білмей дал болды. Ақыры Жошы туралы жағымсыз хабар шындыққа айналғанда, Қаған жалған хабар таратқан маңғытты ұстап басын алуды бұйырады, бірақ ол із түзсыз жоғалып кетеді.
Мұндай суық хабарды Шыңғысханға жеткізу де оңайға түспесе керек. Түрік шежіресінде (Родословия Тюрков) айтылуы бойынша қайғылы оқиғаны Қағанға естіртуге ешкімнің батылы бармай қағанның әмірлері бұл міндетті ұлы жыршыға жүктейді. Шыңғысхан жыр жырла деп әмір берген сәтін пайдаланған ұлы жыршы:
- Тенгиз баштын булғанды, ким тондурур, а ханым?
Терек тубтын жығылды, ким тургузур, а ханым?,- дегенде,Шыңғысхан оған жауап ретінде:
- Тенгиз баштын булғанса, тондурур (тундырар) олум Жучи дүр,
Терек тубтын жығылса, тургузур олум Жучи дүр.
Жыршы жоғарыдағы сөзін қайта қайталағанда көзі жасқа толы екенін аңғарған Шыңғысхан:
- Кöзунг йашын чöкӱртӱр конглӱнг толды болғаймы?
Жиринг кöнгуль öкӱртӱр Жучи öльди болғаймы?, -
деп, бұдан былай Жошының өлімі жайлы ауыз ашқан жанның көмекейіне құм құйылсын деген билік айтады. Сонда ұлы жыршы:
- Сöйлемеске эрким йок сен сöйлединг, а ханым!
Ӧз йарлығынг öзге жаб айу öйлединг, а ханым! - деп жауап қайырады.
Сонда қасіретті мойындамасқа шарасы қалмаған ұлы қаған: - Кулун алған куландай кулунумдин айрылдым
Айрылышкан анкаудай эр олумдин айрылдым, - делінетін түрік жырынан үзінді айтқан сәтті пайдаланып, әмірлері түгелімен орындарынан тұрып ұлы қағанға көңіл айтқан деседі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.[1]
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бир тубирге артурли журнак жалгану аркылы бирнеше туынды тубир жасандар.айт, бол, жас, сана, оқы, көз.