novocherkutino7
?>

Перевести диалог отбасындағы дəстүрлер на казахский без переводчика - в твоей семье есть семейные традиции? - да, в моей семье есть семейные традиции. - какие семейные традиции есть в твоей семье ? - мы всей семьей отмечаем дни рождения, новый год, наурыз, каждое лето ездим на джасыбай. - какие новогодние традиции есть в твоей семье ? - каждый новый год 1 января мы запускаем фейерверки. - какая семейная традиция есть в вашей семье на наурыз ? - каждый праздник наурыз мы ходим в гости к бабушке и дедушке , они готовят бешпармак. - как твоя семья празднует дни рождения? - на дни рождения мы всей семьей собираемся за столом и дарим подарки.

Казахский язык

Ответы

pbttehnology
                          Отбасындағы дәстүрлер.
--Сенің отбасыңда отбасылық дәстүрлер бар ма ?
--Иә, менің отбасымда отбасылық дәстүрлер бар.
--Сенің отбасыңда қандай отбасылық дәстүрлер бар ?
--Біз отбасымызбен бірге туған күндерді, Жаңа жыл, Наурыз мерекесін тойлаймыз, жаз сайын Жасыбайға барамыз.
--Отбасыңда қандай Жаңа жылдық дәстүрлер бар ?
--Жаңа жыл сайын 1 қаңтарда біз отшашу  ұшырамыз.
--Наурыз мерекесінде сенің  отбасыңда қандай отбасылық дәстүрлер бар ?
--Әрбір Наурыз мерекесінде біз отбасымызбен бірге әжем мен атама  қонаққа барамыз,олар бешбармақ дайындайды.
--Сенің отбасың туған күндерді қалай тойлайды ,
--Туған күндерде біз отбасымызбен бірге дастарқанның басында жиналамыз, бір -бірімізге сыйлық сыйлаймыз.
Bmashutav16

Күйші туралы.

Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.

Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.

Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.

Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.

Khrimyan1207

Ата-ананың қадірін білмеген -  халық қадірін білмес.

Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.

Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.

Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.


Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Перевести диалог отбасындағы дəстүрлер на казахский без переводчика - в твоей семье есть семейные традиции? - да, в моей семье есть семейные традиции. - какие семейные традиции есть в твоей семье ? - мы всей семьей отмечаем дни рождения, новый год, наурыз, каждое лето ездим на джасыбай. - какие новогодние традиции есть в твоей семье ? - каждый новый год 1 января мы запускаем фейерверки. - какая семейная традиция есть в вашей семье на наурыз ? - каждый праздник наурыз мы ходим в гости к бабушке и дедушке , они готовят бешпармак. - как твоя семья празднует дни рождения? - на дни рождения мы всей семьей собираемся за столом и дарим подарки.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*