Мен өскенде әкем сияқты полиция қызметкері болғым келеді. Мен де достарымды жақсылыққа шақырып, заңды бұзған бұзақыларды ұстап, олардың дұрыс жолға түсуіне көмектессем деймін. Ол үшін мен қазірден бастап сабақты жақсы оқып, белсенді, ақылды, тәртіпті болуға тырысамын және ата-анамды ренжітпеймін. Полиция болу үшін адам көп кітап оқу керек, сабақтан жақсы баға алу керек, спортпен тұрақты түрде айналысып, ешқашан ешкімнен ештеңе ұрламау керек. Полиция қызметкері болу қиын ба?! Тек қылмыскерді ұстайтын кезде қиын шығар. сосын үйге кеш келесің, шаршайсың. Бірақ, ол - абыройлы мамандық.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сделать каз яз ❤❣️❣️❣️❣️❣️ диалог на тему: мен көп кітап оқ на казахском языке.
Отан - отбасынан басталады. Отбасы шағын мемлекет. “Тәрбие тал бесіктен басталады” дегендей, адамның дұрыс тұлға болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеден басталады. “Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” демекші, әке мен ананың ақылын тыңдап өскен бала болашақта жаман адам болмайтыны сөзсіз. Қазақта “Атаңа не қылсаң - алдыңа сол келер” дейді, сол себепті, ең бірінші отбасыда ата-ананың қадірін жоғары қоюымыз керек. Отбасыда сыйластық, түсіністік болса, балалар да “ұяда көргенін ұшқанда жасап”, болашақта жақсы отбасын қалыптастырады.
Объяснение: