Ежелгі түркілер тек қана шаруашылығымен ғана айналысып, көшіп-қонып жүре бермеген, елінің еркін өмірін қорғаймын деп, қайқы қылышымен дұшпандарының жүрегін ұшырып, қатыгездігімен, жауынгерлігімен ғана аты шықпаған, сонымен бірге кең далада мәдениет пен ғылымның орталығы болған үлкен-үлкен қалалар салып, әлемдік өркениеттің өзіндік мол үлесін қосқан екен. бұрындары түркі халықтары көшпелі өмір сүріп, қалған жабайы халық делінсе, хх ғасырдың екінші жартысынан бастап, арасынан әл-фарабидей ұлылар шыққан, есте жоқ ерте кездерден-ақ білімі, ғылымы, мәдениеті ған, бір кездерде қоғамдық ң көшін бастап, қоғамының жетіле түсуіне айтарлықтай үлес қосқандығы жайлы мойындала бастады. ал сының рухани жағынан шешуші рөл атқаратын әдебиет болса, түркі халықтарының ерте кездерде жасаған мәдени мұрасының аса бай болғандығына бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр. әсіресе, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігіне орай жасалынған көшпенділер мәдениеті бұл күндері өзіне теңдесі жоқ қоғамдық-мәдени құбылыс ретінде бағалануда.
Anatolevna
20.11.2022
Сөйлеу стилі ң бір-бірімен күнделікті қарым-қатынасында ауызекі тілдесу түрінде жүзеге асатыны белгілі, яғни бұл жерде тілдің коммуникативтік функциясының баса сезілетіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. ауызша сөйлеуде еркіндік басым екендігі, күнделікті өмірдің барлық саласында тілдің қызмет ететіндігі, бірақ тілдік жүйені пайдаланудың әртектілігі түсіндіріледі. сыныпта оқулықта берілген жаттығуларды орындатып, тапсырмалар бойынша сөйлеу стилін игерту, тілдік құбылыстарды талдау және оларды практикалық қажеттілікке айналдыру шеберліктерін жетілдіру жолдарын көрсететін шығармашылық жұмыстарды жалғастыруға болады. мысалы: күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу; жиналыстар мен радио, теледидардан сөйленген ауызекі сөз үлгілерін салыстыру, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. мәселен, радиодан, теледидардан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып келгенмен, тілдік құралдарды пайдалануда әдеби норма ескеріледі. ал енді ауызекі сөйлеудің қарапайым түрінің лексикасына диалектілер, қарапайым сөздер еніп кетіп отырады. бұл — дайындықсыз сөйлегенде қолданылатын түрі.