lele4kass
?>

Біз жігерліміз туралы шығарма жазып беріңдерші

Казахский язык

Ответы

Boldinova-Marianna
Сан ғасырлар бойы небір қасіретті бастан кешсе де, ақын Ж.Молдағалиев жыр­ла­ғандай, мың өліп, мың тірілсе де мойымаған қазақ халқы ұрпағының бас бос­тан­дығы, тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Осы жолда ұлты­мыздың аяулы тұл­ғалары, қайт­пас қайсар ба­тырлары жанын қиды. Әри­не, олар бұл күнге жете алмаса да, өздерінің күрес­кер­лік рухын, асқақ арманын бо­лашақ ұр­пақ жүрегіне жал­ғап, алғы күн­ге үміт арт­ты. Міне, сол ата-бабала­ры­мыздың ғасыр­лар бойы көк­се­ген арманына, аяу­лы мұ­ратына ХХ ға­сырдың соңы­на қарай қолымыз жетті десек, сол ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап арман­ның жүзеге асқанына да бүгінде 20 жыл толып отыр. 20 жыл – тарих үшін қас-қағымдай ғана уақыт болғанымен, тәуел­сіз Қазақ елі үшін ғасырдың жүгін ар­қалаған кезең болды. Иә, небәрі 20 жыл ішінде қазақ халқы бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жетістіктерге жетті. Әрине, оның бәрі бізге оп-оңай келе салған жоқ. Та­рих­тың таңғажайып сыйы – Тәуелсіздікті баянды етуді бас­ты мақсат санаған қазақ­стан­дық­тардың еңбегінің, маңдай терінің арқасында ерен қиын­дық еңсерілді. «Балапанды күзде санайды» дейді орыс ма­қалы. Міне, бүгінде біз де толайым табыстарымызды са­ралайтын, алдағы бағын­дырар биігімізді межелейтін кезеңге келіп отырмыз. Иә, ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейлі мерекесі, сөз жоқ, бүкілхалықтық ұлы мереке, ұлы той. Және солай болуы заңды да. Әйтсе де біздің қазақ осы бір айтулы шақта тек той тойлап жүретін болса, ұтылатынын жақсы біледі. Содан да әрқайсымызға ал­дағы арман-аңсарды да ойлап жүруді ұмытпауды ұғын­ды­рады.
igorevich-alekseevna

Жауаптары:

Жауаптары:12 - билет

3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.

20-билет

1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.

1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)

2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)

3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).

23-билет

2) Жалғаудың түрлері,мысал.

Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). 

Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.

25-билет

2) Үндестік заңының ережесі,мысал.

Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.

 Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.

Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы:

Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.

Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.

3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.

Жекеше:

І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.

ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.

Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.

ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.

Көпше:

І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.

ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.

Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.

ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.

Boris1247
Сәлем. Біз бірінші арнаның өкілдері болып табыламыз. Сізге теледидар туралы бірнеше сұрақ қойғымыз келеді - Жақсы, мен сізді тыңдаймын - Теледидарды қаншалықты жиі көресіз? - Тек демалыс күндері ғана жұмыс істеймін, себебі күнделікті жұмысым көп, кешке де тыныштық жоқ! - Демалыс күндері сіз не көресіз? Қандай арналар / бағдарламалар? - Мен сіздің фильміңізде әдетте фильмдерді немесе жаңалықтарды көремін - Өте жақсы :) Сіз жақсартқыңыз келеді ме? - Жарнама аз, көп - танымдық және қызықты бағдарламалар - Рахмет. Сіз бізге шынымен көмектестіңіз - Оқасы жоқ. Көмекке қуаныштымын 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Біз жігерліміз туралы шығарма жазып беріңдерші
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ирина Альбертовна
Panfilov_Anna
Ляпунов_Владмирович
lera4075
ryazantseva
Щербаков33
bmargarita
atvkaprolon
inbox466
Zibuxin3
angelinaugan119
spz03
rodin4010
Arutyunovich
abcd138191