Жомарттық, жауанмәрттілік – адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады.
Объяснение:
Сараңдық адамның жүрегін имандылыққа емес, дүниеқоңыздылыққа толтырады, соңдықтан ол өзін, отбасын ойлауды қойып, жатса-тұрса ойлайтыны байлығы болады. «Өзі тоймастың көзі тоймас» деген мәтелге сай, өзінің байлығы өзгенікінен аз көрініп, қайтсем бәленшенің байлығынан асып түсемін деп, нешетүрлі қылмыстық әрекеттерге барып, көлеңкелі бизнеспен айналысу, қылмыстық топтар құру сияқты әрекеттерге барып жатады. Яғни «Сараңдықтың соңы – арамдық» деген мәтелге сай болады. Өйткені, жүректе имандылық, сүйіспеншілік, адамгершілік сияқты қасиеттер қалмай, оның орнына байлыққа деген сүйіспеншілік, махаббат орнығады. Сөйтіп сараңдық адамды Алла тағалаға құл емес, дүниеге құл етеді.
ЕСЛИ НЕ ТО ИЗВИНИТЕ НАПИСАЛА ИЗ ИНТЕРНЕТАА
Қыпшақ Сейітқұл деген арғы атамыз елді отырықшы қылу мақсатымен Асан қайғы бабамыз секілді біраз жерді аралаған екен. "Ат арық болса жер семіз" деп атын сипай қамшылап біраз жерді шарлапты. Қас қарайған кез болса керек, бір таудың етегіне түнемекке ат шалдырып, тоқымын төсеніп, ерін жастанып жата кеткен екен. Түннің бір мезгілінде таудан етекке тастар домалап түсе бастайды. Әлгі кісі тастың екеуін алып "ертең көремін" деп қалтасына сала салады. Ертесіне қараса манағы тастар екі түйір алтын болып шығады. Сөйтсе, "көшкен алтын екен" дейді-мыс. Сол алтынын қаражатқа айналдырып, Қабырға өзенінің бойына қазық қағып, елінің басын біріктіріп, елге мал жинап, егін егіп, мал емшегі мен жер емшегін қатар еметіндей еліне үлкен бастама бастап берген екен дейді-мыс.
Объяснение:
тіркеле кетші (。◕‿◕。)
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Егер мен депутат болсам мини-сочинение
Егер мен депутат болсам...
Депутат болу – аса үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Себебі халық оларды таңдағаннан кейін сол халықтың мүддесін ойлап, ойларынан шығып, өз жұмысына адал болу керек.
Болашақта мен депутат болып жатсам, менің туған қалам Қарағандыда үлкен өзгерістер болар еді. Ең алдымен үлкен кісілердің жағдайын жасаушы едім – көбінесе қарт кісілердің зейнетақылары дәрі – дәрмектен артылмай, тіпті кей кездері толыққанды азық – түлік алуға жетпей жатады. Сондықтан мен зейнетке шығып, жасы алпыс бестен асқан кісілер үшін барлық қоғамдық көлікті тегін етер едім. Одан кейін ай сайынғы пәтерақы төлемін елу пайызға азайтар едім. Мектептерде арнайы үйірмелер ұйымдастырып, балаларға өнегелі тәрбие мен ғибратты әңгіме айту мақсатында ай сайын қарттарды мектепке шақыртушы едім. Атамыз қазақ «Қарт кісі - қазына» деп бекер айтпаған ғой, үлкеннің өнегесін көріп, батасын алып өскен жас ұрпақ болашақта жаман болмайды.
Келесі ретте жасөспірімдер үшін, яғни олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әрбір ықшам ауданда тегін спорт залдары мен спорт алаңын салтырту мәселесін қолға алар едім. Себебі бос уақытта көрінген нәрсемен айналыспай, одан да спортпен шұғылданса, жаман әдеттерден аулақ болар еді.
Кішкене балаларды да ұмытпай, оларға арналған арнайы, қауірсіз ойын алаңдарын салдыртамын. Қазіргі кейбір ойын алаңдары ескіріп, балалардың өміріне қауіп төндіреді.
Әзірге осы. Жалпы мен депутат болып жатсам, ең алдымен әлеуметтік мәселелрді қолға алуша едім.