Sosovna Dmitrievich22
?>

Мне нужна длинная информация про атырау на казахском.

Казахский язык

Ответы

karkh267
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 
Caragyant
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода , элегия , , сонет , т.б. кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай ( аңшылық , төрт түлік , наурыз өлеңдері ), ескілікті наным-сенімге байланысты ( бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі ( салт , үйлену , мұң-шер өлеңдері), қара өлең , тарихи өлең , айтыс өлеңдері болып бөлінді. өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара , меңзеу , салыстыру , жұмбақтау , астарлау , бейнелеу , теңеу , ұқсату , т.б. тән. өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат , махаббат және философия түрлерге жіктеледi. өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. өлеңтармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. араб , парсы , қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. мысалы, алты буындытармақта екі бунақ болады (3 буын 3 буын). поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдеріде жиі қолданылады. абайдың “ сегіз аяғы ” осындай үлгімен жазылған. мұнда 5 және 7 – 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді. сөз өнері ған сайын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. қазақ поэзиясының ырғақтық-интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып, ға зор үлес қосқан абай ақын болды. ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннанкөп тараған белгілі өлшем-өрнектерді керек жерінде өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалықты зор өнегелі іс атқарды. абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлең өрнектерінің ішінде“сегіз аяқ” пен “сен мені не етесің? ” атты өлеңдері бар. қазақ ақындары өлеңнің ырғақтық-интонациялық мүмкіншіліктерін толығымен ашу, өлең сөзді сөйлеу интонациясына тән ерекшеліктермен байыта түсу ісіне ат салысып келеді. әсіресе,соңғы кезде поэзияда ерікті өлең түрі қолданыс тапқан, мұндай өлеңдерде белгілі бір өлшем берік сақталмағанмен, қалыпты ырғақтық өрнектер еркін қолданылады. өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы. тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. бұл-жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу.мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету,оны «бөтен сөзбен былғамау» талаптары қойылады

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мне нужна длинная информация про атырау на казахском.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Ivanskvortsov25
derkachn6429
ekb676
Sukharev-Achkasov
olelukoya4
elozinskaya
Титова674
Olga-Borisovna
MikhailSvetlana
Виталий887
Карен
vs617
petr2077
Manyaya
Кочугурова