elenasnikitina84
?>

Сочинение на тему казахские национальные инструменты на казахском языке

Казахский язык

Ответы

nord248
Аспаптарды бес топқа бөлуге болады:

үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай,қоссырнай, қамыссырнай, мүйізсырнай,сыбызғы, адырна, ұран , керней;ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген,шертер, екі және үш шекті домбыралар,қылқобыз;жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесешаңқауыз;ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз,шыңдауыл, дабыл , кепшік, шың;аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері.

Жеке түсініктемелерӨңдеу

Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған.

Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы -110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.

Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құралып жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

Дауылпаз - ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысыы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында "Тәбльбасс", қырғызда "Доолбас" деп аталады.

Жетіген - қазақ хылқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге "жетіген" деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.

Желбуаз - үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. "Желбуаз" аспабын белгілі композитор Н.Тілендиев "Отырар сазы" оркестірінде қолданды.

Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілері және "нар қобыз", "жез қобыз" деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобызды пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыыз байланысты екені де айтылады.

Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Petrushin482

О, ана, ана! Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Осы үш-ақ әріптен тұратын сөз не деген құдіретті?! Анадан батыр да, ақын да, данышпан да туады. Біздің оларға бас июіміз керек. Себебі жарық дүниеге әкелген осы аналарымыз. Ақ сүтін беріп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бетімізден қақпай, не қаласақ тауып беруге тырысқан анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да парызын өтей алмайсың.

Дүниедегі ең жұмсақ нәрсе, ол – анамыздың аяулы алақаны, дүниедегі ең тәтті нәрсе, ол – анамыздың ақ сүті. Мен анамды бар жаныммен жақсы көремін және аялаймын. Әрине мен оны дүниедегі ең бақытты адам еткім келеді. Барлық бақыт пен ғажап нәрселер анамның аяғының астында тұрса екен деп тілеймін, ренжітпей қадір тұтамын. «Анаға қарап қыз өсер», – деп тегін айтылмаған. Мен анам сияқты болғым келеді. Мені дүниеге әкеліп, аялап өсіріп отырғанына мың да бір алғыс айтамын. Мен оған шексіз ризамын.

Бірде анам екеуіміз сырласып отырғанда «Сендей өнегелі, ақылды, тәрбиелі қызым өсіп келе жатқаны мен үшін зор бақыт», – деп айтқан еді. Сол сөзді естігенімде қанаттанып, алға қарай ұмтылдым. Анамның айтқан әр сөзі санамда сайрап, рухтандырып, қанат бітіріп, өмірге деген көзқарасымды қалыптастырып, алдағы болашағымды айқындауға көмектеседі. Ол кісіге деген ризалығымды айтып жеткізу мүмкін емес. Әрине жүректен шыққан сезімді сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек емес пе?! Сондықтан мен аянбай еңбектенемін. Рахмет сізге, анашым! Маған берген тәлім-тәрбиеңіз бен аналық махаббатыңызға шексіз ризамын! Сөз соңында айтарым, «АНА» сөзінен аспайық, оны әрқашан қадір тұтып, сыйлайық!

Aleksandr362

1)Жер құтты болса,

Мал сүтті болады.

2)Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

3)Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

4)Жері байдың елі бай.

5)Қысың қарлы болса,

Жерің ылғалды болады.

Жерің ылғалды болса,

Еккенің нәрлі болады.

6)Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.

Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.

7)Қыз өссе – елдiң көркi,

Гүл өссе – жердiң көркi.

8)Жер – ырыстың кіндігі,

Білім – ырыстың тізгіні.

9)Су аққан жерінен ағар,

Шөп шыққан жеріне шығар.

10) Жеріне қарай — жыланы,

Жауына қарай— құланы.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на тему казахские национальные инструменты на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kgrechin
info49
yastrik
Pastushenkoen
Равиль_Евгеньевич1808
Ескі газеттерден қалай қағаз алады
kortikov77
smalltalkcoffee5
IPMelnikovR146
djikia88
anton
tarasowamash4
suxoruchenkovm171
snopovajulia
info8
dm1trviktor585